Бас жаңалықтар
ТМД Әуе күштерінің жауынгерлік әзірлігін тексеру аяқталды
PHOTO
17 Қыркүйек 2020, 09:21 61

ТМД Әуе күштерінің жауынгерлік әзірлігін тексеру аяқталды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығына қатысушы мемлекеттердің әуе шабуылына қарсы қорғаныс біріккен жүйесінің басқару органдары мен кезекші күштерінің жауынгерлік әзірлігін тексеру аяқталды.

Жаттығу шеңберінде өзара іс-қимыл жасайтын тараптардың бұзушы әуе кемелері бойынша кезекші күштерді қолдану, достастық мемлекеттерінің әуе кеңістігін пайдалану мәселелері пысықталды.

Практикалық іс-шаралар кезекші күштердің шартты әуе қарсыласының бақылау мақсаттарын анықтауынан басталды. Қарсылас рөлін Ресей әскери-ғарыш күштерінің алыс авиациясының стратегиялық ұшағы атқарды.

22fa66c3e7175f789d68fb9c3628a97c_original.175756.jpg

Қазақстан Әуе қорғанысы күштерінің радиотехникалық және зениттік зымыран бөлімшелері бақылау мақсаттарын дер кезінде анықтады. Әуе шабуылына қарсы қорғаныс бөлімшелерінің күшімен шартты қарсылас жойылды.

Сонымен қатар Армения, Беларусь, Қазақстан, Қырғызстан және Ресейдің әскери аэродромдарынан МиГ-31, Су-30СМ, МиГ-29 және Су-25 ұшақтары әуеге көтерілді. Авиация берілген бақылау мақсаттарын шартты түрде жойды.


Мұндай жаттығулар ТМД ӘҚК біріктірілген жүйесінде тәулік бойы кезекшілікті ұйымдастыру бойынша бекітілген бірлескен жоспарларға сәйкес тұрақты негізде өткізіледі.


Қазақстанның Әскери-әуе күштерінен 20-ға жуық ұшу аппараттары қатысты. Олардың ішінде жойғыш және шабуылдау авиациясының ұшақтары, армиялық авиацияның тікұшақтары, сондай-ақ ұшқышсыз ұшу аппараттары бар.


Практикалық іс-қимылдарды жауынгерлік басқару орталығынан ҚР ҚК Әуе қорғанысы күштерінің Бас қолбасшысы авиация генерал-лейтенанты Нұрлан Орманбетов басқарды.

Бірлескен жаттығудың мақсаттары мен міндеттеріне толық көлемде қол жеткізілді. Қазақстанның Әуе шабуылына қарсы қорғаныс әскерлері мен Әскери-әуе күштерінің кезекші күштері мен құралдары іс жүзінде елдің әуе шептерін күзету бойынша өзінің тиімділігін кезекті мәрте дәлелдеді.



Фото: дереккөз
Загрузка...