Тоқаев Үкіметке мүгедектерді жұмыспен қамту мәселесін шешуді тапсырды

20 Желтоқсан 2019, 15:12
5147
Бөлісу:
Тоқаев Үкіметке мүгедектерді жұмыспен қамту мәселесін шешуді тапсырды
Фото: Бауыржан ЖУАСБАЕВ

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев мүмкіндігі шектеулі азаматтарға қолдау көрсетудің тиімді жүйесін енгізу қажет екенін айтты.

Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің мәліметінше, еліміздегі 106 мың мүмкіндігі шектеулі адамның 25% ғана жұмыспен қамтылған. Жұмыс беруші мүмкіндігі шектеулі адамдарды қабылдау үшін арнайы квота бөлуі тиіс. Үкіметке осы міндетті орындау барысын қадағалауды тапсырамын. Орындамаған жағдайда өтемақы төлеу мәселесін қарастыру керек, - деді Қазақстан президенті. 

Мемлекет басшысы барлық аймақта еңбекпен қамту және әлеуметтік оңалту орталықтары жұмыс істеуі тиіс екенін атап өтті. 

Ақмола, Ақтөбе, Алматы, Батыс Қазақстан облыстары мен Нұр-Сұлтан, Шымкент қалаларында мұндай орталықтар жоқ. Бұл үлкен кемшілік. Сондықтан, осындай орталықтарды қалай да ашуды тапсырамын. Мұны мемлекет пен жеке меншік әріптестік арқылы іске асыруға болады. Жұмыс істейтін мүмкіндігі шектеулі адамдарға оңалту көмегін мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорының қаржысы есебінен беру мәселесін қарастыруды ұсынамын, - деді Тоқаев Ұлттық қоғамдық сенім кеңесінің ІІ отырысында. 

Өзгелердің жаңалығы