Тоқаев Ұлттық банк пен Есеп комитетіне тапсырма берді

31 Наурыз 2020, 22:34
2321
Бөлісу:
Тоқаев Ұлттық банк пен Есеп комитетіне тапсырма берді

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. ҚР президенті Қасым-Жомарт Тоқаев халыққа қолдау көрсету үшін Ұлттық банкке Әлеуметтік сақтандыру қорының қаржысын тартуды тапсырды. 

Бұл мақсатта Үкімет пен Ұлттық банкке барлық қаржы көздерін тартуға, тіпті Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қоры мен Ұлттық банктің барлық ресурстары мен құралдарын тартуды тапсырамын. Тұңғыш президент – Елбасы құрған Ұлттық қордың қаржысын тиімді пайдалану керек. Экономикаға қаржыны жедел және тікелей  жеткізу мақсатында "Бәйтерек", "Аграрлық несиелік корпорация", сол сияқты тағы басқа да қаржы және дамыту институттары арқылы тікелей қаржыландыру мүмкіндіктерінде назардан тыс қалдырмаған жөн. Аталған механизм, экспортқа бейімделген, орташа деңгейде жылдам өсіп келе жатқан компанияларға бағытталуы шарт. Бұл компаниялар дағдарыстан кейін біздің қозғаушы күшімізге айналады, - деп атап өтті президент. 

Қасым-Жомарт Тоқаевтың айтуынша, қаржы ресурстары мен дағдарысқа қарсы шаралардың көлемін ескере келе бизнес пен азаматтарға қолдау көрсету барысында ашықтық пен жариялық принціптерін сақтау, бөлінген қаржының мақсатты және тиімді жұмсалуы аса үлкен маңызға ие болады. 
Бұл міндетті Есеп комитетіне жүктеймін. Бұл жұмысқа аймақтық тексеру комиссиясын, қоғамдық кеңестерді тарту керек. Осы ретте төтенше жағдай режимінің ерекшеліктерін ескеру шарт, - деп түйіндеді мемлекет басшысы.


Өзгелердің жаңалығы