Тоқаев Мюнхен конференциясының ашылу рәсіміне қатысты

14 Ақпан 2020, 21:30
1538
Бөлісу:
Тоқаев Мюнхен конференциясының ашылу рәсіміне қатысты

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Қасым-Жомарт Тоқаев қауіпсіздік жөніндегі 56-шы Мюнхен конференциясының ресми ашылу рәсіміне қатысты, деп хабарлады Ақорданың ресми сайты.

Рәсім барысында қауіпсіздік жөніндегі Мюнхен конференциясының төрағасы Вольфганг Ишингер, Германия президенті Франк-Вальтер Штайнмайер және Франция президенті Эмманюэль Макрон сөз сөйледі.

Мемлекет басшысы конференция асында өтетін панельдік пікірталаста өңірлік қауіпсіздік мәселесі бойынша "Географиялық орналасудың маңызы: Орталық Азия туралы әңгіме" тақырыбында сөз сөйлейді деп жоспарланған. Онда Қасым-Жомарт Тоқаев өңірдегі қауіпсіздікті қамтамасыз ету перспективалары жайында өзінің ой-пікірін ортаға салып, "Бір белдеу, бір жол" бастамасының жүзеге асырылу барысындағы Қазақстанның экономикалық мүмкіндіктері туралы айтады.


Өзгелердің жаңалығы