Бас жаңалықтар
Тоқаевтың ұсыныстары заманға сай – сенатор
27 Мамыр 2020, 19:35 539

Тоқаевтың ұсыныстары заманға сай – сенатор

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Ел Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың Ұлттық қоғамдық сенім кеңесінің үшінші отырысында сөйлеген сөзіне қатысты ҚР Парламенті Сенатының депутаты Айгүл Қапбарова пікір білдірді.

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Ұлттық қоғамдық сенім кеңесінің отырысында бірқатар адам капиталын дамытуға қатысты ұсыныстар мен тапсырмалар берді. Бірқатар мәселе айтылды. Қоғамдық диалогтың ұлттық моделі қалыптасып келе жатқандығы көрініс тапты. Ұлттық кеңес мүшелері де жақсы ұсыныстарын жеткізді. Еліміздің биологиялық қауіпсіздік туралы заң қабылдау қажеттілігі айтылды. Медицина саласында және жоғары оқу орындарында әлеуметтік саяси реформа қажет екендігі сөз болды.Мемлекет басшысының ұсыныстары заманға сай болып отыр.Мен оны қолдаймын, - дейді Айгүл Қапбарова.

Фото: ашық дереккөз
Загрузка...