Тоғжанов: Ешкім ештеңені жасырып отырған жоқ

5 Шілде 2020, 21:32
1247
Бөлісу:
Тоғжанов: Ешкім ештеңені жасырып отырған жоқ

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Ешкім ештеңені жасырып отырған жоқ, деді ҚР Президенті жанындағы орталық коммуникациялар қызметінде өткен онлайн баспасөз конференцияда ҚР Премьер-министрінің орынбасары Ералы Тоғжанов.

Ешкім ештеңені жасырып отырған жоқ. Күнделікті жағдай күн сайын штабта талқыланады. Қайғылы оқиғалар жағдайын жасыру мүмкін емес. Оның барлығы міндетті түрде қаралады. Міндетті түрде нақты бағаланады. Эпидемиологиялық жағдайға қатысты әрбір облыстың жағдайы күнде таңертең 9-да штабта қаралады. Онда облыс және облысқа қарасты аудан, ауылдың жағдайы талқыланады, – деді ол. 

Тоғжанов бүгін Атырау облысы арнайы қаралғанын айтты. 
Атырау облысында бір күнде 371 адам кеткен. Қазақстан бойынша ең жоғары көрсеткіш. 5 аудандағы және ТШО сияқты компаниядағы жағдай талқыланып, елге хабарланды. Бірде-бір жағдайды жасырып қалу мүмкін емес. Мемлекет оны ашық қарайды. Бұл елдің болашағы үшін керек, – деді Тоғжанов.

Өзгелердің жаңалығы