Қоғамдық бақылау тобының аймақтық үйлестірушілері анықталды

13 Шілде 2020, 23:54
1563
Бөлісу:
Қоғамдық бақылау тобының аймақтық үйлестірушілері анықталды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Енді аймақ тұрғындары жедел жауап қайтару мен кері байланыс үшін тікелей бастаманың аймақтық үйлесірушілеріне жүгіне алады. Бұл туралы ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрінің кеңесшісі Лима Диас хабарлады.

Өзекті мәселелерді жинақтай және саралай отырып, Қоғамдық бақылау тобы өз қызметінің үш басым бағытын анықтады: Біріншісі - Медициналық мекемелердегі дәрігерлердің жұмыс жағдайына және емделушілердің емдік шараларына мониторинг жүргізу. Екіншісі - Гуманитарлық көмекті үйлестіруде мониторинг жүргізу. Үшіншісі - Әлеуметтік және медициналық көмек көрсету бойынша азаматтардың құқығын сақтауда, сондай-ақ, пандемия жағдайындағы карантиндік шаралардың орындалуына мониторинг жүргізу - деп жазды ол.

Ол белсенділер міндетті түрде таным белгісімен (бейдждермен) қамтамасыз етілетінін ескертті.

Жақын арада азаматтарға Қоғамдық бақылау тобына жүгінуде ыңғайлы болуы үшін Telegram желісінде арнайы бот жасалады - деді кеңесші.

Өзгелердің жаңалығы