"Тобылдық Хатико" иесін 11 жыл бойы жол бойында күтіп жүр

22 Қараша 2020, 08:52
26586
Бөлісу:
"Тобылдық Хатико" иесін 11 жыл бойы жол бойында күтіп жүр

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Жергілікті тұрғындар Мишканы "Тобылдық Хатико" деп атайды. Көлік жүргізушілері оған тамақ береді. Ал жолдағы қызметкерлер үйшік жасаған, деп хабарлайды RT арнасы.



Мишка өзінің иесін Ресейдің Тобыл-Туртас тасжолының учаскесінде күнде күтіп отырады. Алайда ол ешқашан оралмайды.

Мишканың күшік кезінде қожайынын көлік қағып кеткен. Олар екеуі бірге жолды кесіп өтпек болған.

Итті ер адамның туыстары өздеріне алғысы келді. Бірақ Мишка су мен тамақтан бас тартып, жолға қарай кете берген. Ол қожайынын соңғы рет 2009 жылы көрді.

Сол кезден бері ит осы жолда тұрады. 11 жылдан бері күндердің бір күнінде иесі оралатына сенімді.

Жергілікті тұрғындар Мишканы "Тоболдық Хатико" деп атайды. Көлік жүргізушілері оған тамақ береді. Ал жолдағы қызметкерлер үйшік жасаған.

Толығырақ видеода.

Өзгелердің жаңалығы