Бас жаңалықтар
Тоқаев Ақордаға шетелдік инвесторларды жинап алды
10 Маусым 2021, 16:15 162

Тоқаев Ақордаға шетелдік инвесторларды жинап алды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың төрағалығымен Шетелдік инвесторлар кеңесінің 33-ші жалпы отырысы басталды.

Бүгінгі жиында шикізаттық емес экспортты дамыту мәселесі кеңінен талқыланады. Жиынға ірі тұрансұлттық компаниялардың басшылары, мемлекеттік органдардың жетекшілері мен халықаралық ұйымдардың өкілдері қатысып жатыр. Отырыс барысында Еуропалық қайта құру және даму банкінің президенті Одиль Рено-Бассо да сөз сөйлемек.

Айта кетейік, Шетелдік инвесторлар кеңесі (ШИК) - ҚР Президентінің жанындағы консультативтік-кеңесші орган.  

Бұл орган ҚР конституциясының 44-бабының 20) тармақшасына сәйкес, ҚР Президентінің 1998 жылғы 30 маусымдағы №3985 жарлығымен құрылған.


Фото: Бауыржан ЖУАСБАЕВ
Загрузка...