Тоқаев ауылда өз жұмысшыларына үй салғандар шығынының жартысын мемлекет өтейтінін айтты

25 Ақпан 2021, 11:47
4345
Бөлісу:
Тоқаев ауылда өз жұмысшыларына үй салғандар шығынының жартысын мемлекет өтейтінін айтты

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бұл туралы Мемлекет басшысы Ұлттық қоғамдық сенім кеңесінің 5-ші отырысында айтты. 

Ауылдық жерлерде тұрғын үй мәселесін шешу - аса өзекті міндет. Жеке шаңыраққа ие болып қалған жастар ауылдан қашпайтыны анық. Жалпы ауылдық жерлерге үй салу баспана мәселесін ғана шешпейді. Мұндай жұмыс экономикалық белсенділікті арттыруға және тұрмыс сапасын жақсартуға септігін тигізетіні сөзссіз. Сондықтан мемлекет барынша қолдау көрсетуі керек,- деді ол. 

Тоқаев баспана мәселесі «Дипломмен ауылға» бағдарламасымен ғана шешілмейтінін айтты. 

Бұл іске әлеуметтік жауапкершілігі бар қызметкерлерді жұмылдыру керек. Кәсіпкер өз жұмысшыларына арнап  ауылда үй салса, мемлекет оған кеткен шығынның 50 пайызын қайтарады. Бұл қай жағынан алып қарасақ та, бәріне пайда әкеледі. Бұл бастама ауылды дамытуға жәрдемдеседі. Ауылға мұғалімдер мен ұстаздарды, мал дәрігерлерін тартуға мүмкіндік береді, - деді ол. 

Президент  бұл тәсілді Үкімет осы жылдың екінші жартысынан бастап енгізуі керек екенін айтты.

Өзгелердің жаңалығы