Бас жаңалықтар
Тоқаев халықты карантин шараларын сақтауға шақырды
30 Қазан 2020, 15:05 162

Тоқаев халықты карантин шараларын сақтауға шақырды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Бұл туралы Мемлекет басшысы Twitter-дегі парақшасында жазды.

Көптеген шет елдердегі коронавирус індетінің таралу жағдайы алаңдатарлық. Барлық жерде қатаң шаралар, оның ішінде, локдаун тәртібі қайта қабылданып жатыр. Қазақстандықтарды Денсаулық сақтау министрлігінің ұсынымдарын ұстанып, карантин шараларын сақтауға шақырамын, - деді ол.
Сонымен қатар, Президент әкімдерге тапсырма берді.
Үкімет бизнес пен экономиканың мүдделерін негізге ала отырып жұмыс істейді. Пандемияның бірінші толқынымен күрес тәжірибесі ескерілді. Әкімдерге эпидемиологиялық жағдайға орай шешім қабылдауды тапсырамын. Бірақ бар мәселе азаматтардың өзіне тікелей байланысты, - деп жазды Қасым-Жомарт Тоқаев.

Фото: ашық дереккөз
Загрузка...