Тоқаев «ставка» қоятындарды қандай жаза күтіп тұрғанын айтты

25 Ақпан 2021, 12:32
1928
Бөлісу:
Тоқаев «ставка» қоятындарды қандай жаза күтіп тұрғанын айтты

Нұр-Сұлтан. BAQ.KZ тілшісі. Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев жастарды құмар ойынның зиянды әсерінен қорғауды тапсырды.

Біз жас ұрпақты құмар ойынның зиянды әсерінен қорғауымыз керек. Мәселені шешу үшін жаңа әдістерді қолдануымыз қажет. Балаларды ойынға тарту немесе оған рұқсат беретін заңды тұлғалар әкімшілік жауапкершілікке тартылуы тиіс. Қажет болса, олардың лицензияларын қайтарып аламыз, - деді Тоқаев Ұлттық сенім кеңесінің бесінші отырысында.

Бұған дейін Мемлекет басшысы қазіргі әлемдік тәжірибеде БҰҰ Адам құқықтары жөніндегі Жоғарғы комиссарының кеңсесі әзірлеген 14 жаһандық индикатор бар екенін атап өтті.  

Соның негізінде адам құқықтарының сақталуын бағалаудың ұлттық индикаторларын кезең-кезеңімен енгізуді бастауды ұсынған.

Өзгелердің жаңалығы