Тоқаев: Тұрмыстық зорлық-зомбылыққа қатысты заңда барлық пікірді ескеру қажет

21 Қаңтар 2021, 17:30
1912
Бөлісу:
Тоқаев: Тұрмыстық зорлық-зомбылыққа қатысты заңда барлық пікірді ескеру қажет
Фото: Бауыржан ЖУАСБАЕВ

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Twitter-дегі парақшасында тұрмыстық зорлық-зомбылық туралы заңға қатысты пікірін білдірді.

«Отбасылық-тұрмыстық зорлық-зомбылыққа қарсы іс-қимыл туралы» заң жобасы қоғамда қызу талқыға түсуде. Бұл – орынды. Өзекті мәселелер кеңінен талқылануға тиіс. Оның нормаларын мұқият қарап, барлық пікірлерді ескерген жөн. Басты міндетіміз – әйелдер мен балалар құқығын қорғау, - деп атап өтті ол.
Айта кетейік, бұл заң жобасын қазақстандықтар қызу талқылап жатыр. Жақында ҚР Президенті жанындағы әйелдер және отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі ұлттық комиссияның мүшесі Салтанат Тұрсынбекова «Желмая» жобасында қонақта болып, «Тұрмыстық зорлық-зомбылыққа қарсы іс-қимыл туралы» жаңа заң жобасына қатысты бірқатар сұраққа жауап берген еді.
Өзгелердің жаңалығы