Бас жаңалықтар
Тоқаев Жапаровты құттықтады
05 Мамыр 2021, 19:44 399

Тоқаев Жапаровты құттықтады

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Қасым-Жомарт Тоқаев Садыр Жапаровқа құттықтау жеделхатын жолдады, деп хабарлады Ақорданың баспасөз қызметі.

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Қырғыз Республикасының жаңа Конституциясының қабылдануына орай Қырғызстан Президенті Садыр Жапаровқа құттықтау жеделхатын жолдады.

Бүкіл халық қолдаған Ата заң Қырғызстанның ұзақмерзімді даму стратегиясының берік негізін қалайтын, ел егемендігінің қорғаны болатын және қоғамды біріктіретін басты құжат. Сіздің бастамаларыңыз бен реформаларыңыздың сәтті жүзеге асуы қырғыз мемлекеттілігін нығайтуға, халықтың әл-ауқатын арттыруға және елдің халықаралық аренадағы беделін көтеруге септігін тигізеді. Қазақстан Қырғызстанның стратегиялық серіктесі әрі одақтасы ретінде бауырлас қырғыз халқына алдағы уақытта да жан-жақты қолдау көрсете беруге дайын, – делінген жеделхатта.

Сөз соңында Қасым-Жомарт Тоқаев қырғыз халқының игілігі мен өсіп-өркендеуі жолындағы Садыр Жапаровтың жауапты қызметіне толағай табыс тіледі.



Фото: ашық дереккөз
Загрузка...