Токиода карантин шаралары бәсеңдетілді

20 Маусым 2021, 14:49
1925
Бөлісу:
Токиода карантин шаралары бәсеңдетілді

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Дүйсенбіден бастап Токиода карантин шаралары бәсеңдейді, деп жазды NHK.

Ертеңнен бастап бар мен мейрамханаларда алкогольдік ішімдіктер сатыла бастайды. Алайда алкоголь қоғамдық тамақтану және көңіл көтеру орындарының жеке-жеке келушілеріне кешкі жетіге дейін, ал тоғызға дейін топ болып келген азаматтарға ғана сатылады. 

Алкоголь өнімінсіз кафе, мейрамханалар жұмысы жүрмейтінін ескерген билік рұқсатты осылай беріп отыр. 

Естеріңізге сала кетейік, жазда Токио олимпиада ойындарын өткізеді. Мұнда әлемнің ондаған елдерінен турист келеді деп күтілуде. Карантин шараларын бәсеңдету осы маңызды оқиғамен де байланысты.

Өзгелердің жаңалығы