Бас жаңалықтар
Алғаш рет дәрігерлер "тоқтап қалған" жүректі ауыстырып салды
12 Желтоқсан 2019, 10:16 3065

Алғаш рет дәрігерлер "тоқтап қалған" жүректі ауыстырып салды

 Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Австрия астанасы Вена қаласында дәрігерлер "тоқтап қалған" жүректі трансплантациялады. Бұл туралы ТСН хабарлады. 

Бұған дейін әлемде мұндай операцияны ешкім жасамаған.

Медициналық ережерге сәйкес, донордың жүрегін оның өлімі расталған кезде, алайда жүрегі әлі де соғып тұрған кезде ғана алуға болады. Осы амалдардың бәрін жүзеге асыру үшін дәрігерлерге санаулы уақыт қана беріледі. Бұл жолы тоқтап қалған жүректі қайта жұмыс істету үшін 13 минут уақыт кеткен. 

Тоқтап қалып қайта соққан жүрек 61 жастағы ер адамға салынды.

Кейіннен белгілі болғандай, жүректің иесі жол-көлік оқиғасы кезінде қаза болған көрінеді.
   


Фото: ашық дереккөз
Загрузка...