Төтенше жағдайлар қызметіндегі үлгілі отбасы

15 Мамыр 2021, 15:06
1585
Бөлісу:
Төтенше жағдайлар қызметіндегі үлгілі отбасы

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Бүкіл әлемде Халықаралық отбасы күні 15 мамырда атап өтіледі. Мерейлі күнге орай Шығыс Қазақстан облысы ТЖД басқармасы саладағы үлгілі отбасылар туралы айтты. Солардың бірі - көпбалалы Сейілхановтар жанұясы.

Сейілхановтар отбасы Шығыс Қазақстан облыстық Төтенше жағдайлар департаментідегі ең үлкен отбасы. Олар екі қыз, үш ұл тәрбиелеп отырған үлгілі жандар. Кішісі Адина 2 жаста, үлкен ұлы 14 жаста, есімі Еркебұлан. Қазір отбасы алтыншы баланың дүниеге келуін күтіп отыр. Олардың әкесі Әсет Сейілханов ШҚО ТЖД «ӨСжАҚЖҚ» ММ Мамандандырылған жасағының бастығы, ол азаматтардың қауіпсіздігі үшін қызметте 2004 жылдан бастап жұмыс істейді. Ол Жарма ауданының Әуезов ауылында қарапайым өрт сөндіруші ретінде қызмет етіп бастаған.
Әр адам үшін өмірдің маңызды құрамдас бөлігі - отбасы. Менің отбасым - менің тылым, өмірдің мәні. Қазіргі уақытта мен қызметте жүргенде жолдасым Нұргүл бала тәрбиесіне толықтай берілген. Мен өзім көпбалалы отбасынанмын. Барлығына осы бақытты сезініп, үйінде жылы ошақ құруын тілеймін, - деді Әсет Сейілханов.

Өзгелердің жаңалығы