Трамп твиттерді жабуы мүмкін

30 Мамыр 2020, 20:10
1433
Бөлісу:
Трамп твиттерді жабуы мүмкін

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Трамп әлеуметтік желілерге шүйлікті. Ол енді Твиттерді жауып тастауы ғажап емес

Қазір заңгерлерімен кеңесіп жатқан Ақ үй жетекшісі егер оларды жабу заңды болса, мен одан бас тартпайтынын жеткізді. Күні кеше Трамп  елдегі әлеуметтік желілердің жұмысын реттейтін жарлыққа қол қойған еді, деп жазады Atameken Business. Мәселенің ушығуына Твиттер модераторларының Трамптың жазбаларынан жалған ақпарат тарауы мүмкін деп күдіктенуі ықпал етті.

АҚШ Президенті мұны сөз бостандығын бұзу және елдің саяси өміріне араласу деп санайды. 
Твиттердің жасап отырғаны дұрыс емес. Ол бейтарап, бұқаралық платформа болуы керек еді. Енді әр жазбаны редакторлап отырса, демократия жайына қалады, – деді Дональд Трамп.


Өзгелердің жаңалығы