Цой "Парацетамол" және "Цефтриаксонның" орнын алмастыратын дәрілерді атады

5 Шілде 2020, 21:23
6612
Бөлісу:
Цой "Парацетамол" және "Цефтриаксонның" орнын алмастыратын дәрілерді атады

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі алаңында "Коронавирус бойынша ағымдағы жағдай" тақырыбында өткен онлайн брифинг кезінде ҚР Денсаулық сақтау министрі Алексей Цой дене қызуын түсіретін дәрілерге қатысты пікір білдірді.

Халық арасында дүрбелең тудырған дене қызуын түсіретін дәрілерге қатысты айтарым, нарықта мұндай дәрілердің орнын алмастыратын препараттар тізімі баршылық. Мысалы, құрамында парацетамолы бар дәрілер қатарында "Панадол", "Ин-грипп", "АнтиФлу", "Антигриппин", "Тайлол", "Неофлю", "Максигриппин", "Комбигрип", "Фервекс" және т.б. сияқты дәрілер бар. Мұндай дәрілер Қазақстанда тіркелген, дәріхана сөрелерінде толып тұр, олардың барлығының құрамында парацетамол кездеседі, - деді ол.
Министр сонымен қатар антибактериялды препараттарға да тоқталды.
Мысалы, "Цефтриаксон" дәрісінің елімізде 30-ға тарта түрі тіркелген. Олар: "Цефаксон", "Аксон", "Белацеф", "Севацеф", «Сертоцеф», «ЦЕФ-триаксон», «Ротацеф», "Медаксон", "Зибан", «Цефасон», «Рацифин» және т.б. Сол сияқты вирусқа қарсы дәрілердің де аналогын табуға болады. Қазір барлығы «Ингавирин» іздеп жүр, ал оның елімізде тіркелген 23 түрі бар. Олар: «Кагоцел», «Грипповир», «Панавир», «Амиксин», «Арбидол», «Тамифлю», «Ремантадин», «Флустоп», «Арпефлю», «Номидес» және т.б. Алайда, бұл препараттар коронавирус инфекциясын емдеу кестесіне жатпайды, - деді ол.

Өзгелердің жаңалығы