Цой: Травматология және ортопедия – денсаулық сақтау саласының негізгі бөлігі

28 Қыркүйек 2020, 15:07
3228
Бөлісу:
Цой: Травматология және ортопедия – денсаулық сақтау саласының негізгі бөлігі
Фото: Бауыржан ЖУАСБАЕВ

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Саналы ғұмырын травматология және ортопедия саласына арнап, осы бағытта ізденіс үстінде жүрген маман, Травматология және ортопедия ҒЗИ директоры Нұрлан Бәтпенов атындағы қор құрылғаны белгілі болды.

ҚР Денсаулық сақтау министрі Алексей Цой ҚР ҰҒА академигі, ҚР еңбек сіңірген қайраткері, Травматология және ортопедия ҒЗИ директоры, Қазақстандық травматологтар мен ортопедтер қауымдастығының президенті, профессор Нұрлан Бәтпеновты еске алуға арналған «Травматология мен ортопедия дамуының заманауи аспектілері мен басым бағыттары» атты халықаралық ғылыми-практикалық конференция барысында саланың жалпы медицинадағы басым бағыттардың бірі екеніне тоқталды. 

Нұрлан Бәтпенов – саналы ғұмырын травматология және ортопедия саласына арнап, осы бағытта ізденіс үстінде жүрген маман еді. Нұрлан Жұмағұлұлының басшылығымен Травматология және ортопедия ғылыми-зерттеу институты аз ғана уақыттың ішінде еліміздегі бәсекеге қабілетті ғылыми-практикалық, ұйымдастырушылық-әдістемелік және білім беру институты деңгейіне көтерілді. Қазіргі таңда травматология және ортопедия тәжірибелік денсаулық сақтау саласының негізгі бөлігі саналады. Жаңа технологиялардың дамуы жылдам реакцияны қажет етеді. ҚР ДСМ «Травматология және ортопедия ғылыми-зерттеу институты» ШЖҚ РМК Германия, Ресей, Австрия, Бельгия, АҚШ және Түркияның жетекші клиникаларымен көпжылдық халықаралық серіктестік тәжірибесі бар. Осы серіктестік арқасында эндопротездеу, ортопедиялық ауруларын емдеудің инновациялық әдістері, омыртқа және буын зақымдарына қатысты ортақ технологиялары пайда болды. Аталмыш конференция еліміздегі травматология және ортопедия саласы бағытындағы жұмыстардың әрі қарай дамуына ықпал етері сөзсіз, - деді Цой.

Профессор Нұрлан Бәтпеновтың ұлы, травматолог-ортопед, PhD докторы Арман Бәтпен осы бағытта арнайы қор құрылғанын айтты.

Цой: Травматология және ортопедия – денсаулық сақтау саласының негізгі бөлігі

Қазақстандық травматологтар мен ортопедтер қауымдастығымен бірлесіп, Нұрлан Бәтпенов атындағы қор құрдық. Бұл қор жас ғалымдардың, медициналық жоғары оқу орындарындағы талапты студенттердің дамуына бағытталған. Қазіргі таңда аталмыш қор аясын кеңейтуге қызығушылық танытып отырған компаниялар көп. Әкеміздің өмірлік қызметін әрі қарай жалғастыра отырып, еліміздің травматология және ортопедия саласын дамытуды мақсат тұтып отырмыз, - деді ол.

Өзгелердің жаңалығы