10 жылда туберкулезбен ауыратындар саны 3 есе төмендеді

24 Ақпан 2020, 13:13
3364
Бөлісу:
10 жылда туберкулезбен ауыратындар саны 3 есе төмендеді
PHOTO
Фото: автордан

Алматы, BAQ.KZ тілшісі. 2009 жылдан бері туберкулезбен ауыратындар саны 3 есе, өлім-жітім 6 есе төмендеді. 

Бұл туралы ҚР ДСМ “Ұлттық фтизопульмонология орталығы" мекемесінің директоры Мәлік Әденов Алматыда өткен брифинг кезінде айтты. 

Оның айтуынша, елімізде туберкулез ауруы бойынша жағдай тұрақты. Соңғы бір жылда туберкулезбен ауыратындар саны 5,4% төмендеген.

Сондай-ақ, балалар арсында туберкулезге шалдығу мәселесі де төмендеп келеді. Яғни, 18 жасқа дейінгілер арасында туберкулез 5% төмендеді. Қазір диспансерлік есепте 13894 адам тұр, бұл 2018 жылға қарағанда 813 адамға аз, - дейді Мәлік Әденов.

Маман туберкулез ауруы деңгейінің төмендеуіне ҚР Үкіметінің 2014-2020 жылдарға арналған туберкулезбен күрес жөніндегі кешенді іс-шаралар ықпал еткенін айтады. 

WhatsApp Image 2020-02-24 at 13.07.19.jpeg

Туберкулез жазылатын ауру түрі. Тек дер кезінде келіп ем қабылдау керек. Бұл бағытта бар шығынды мемлекет өз мойнына алып отыр, ем-домның барлығы тегін көрсетіледі. Тіптен көрші елдерден келген мигранттар да тегін тексеріледі. Егер олардан туберкулез анықталса, өз еліне қайтарып, денсаулық сақтау мекемесіне тапсырамыз, - деді ол. 

Мәлік Әденов қазір туберкулез ауруын екі сағатта анықтайтын диагностикалаудың жаңа технологиялары енгізілгенін жеткізді. 

Бұл технология арқылы туберкулездың нешінші сатысы екенін және қандай ем қабылдау керектін біле аламыз. Диагностикалаудың бұл әдісі аудандық деңгейде қолжетімді болып отыр. Мұның барлығы тегін жасалады ,- деді ол. 

Фтизопульмонолог дәрігер Жанар Сәпиева соңғы 5 жылда Алматыда туберкулезбен ауыратындар саны 25,4%, өлім-жітім 34,4% төмендегенін айтады. 

2019 жылы Алматыда туберкулезбен жаңадан ауырған 634 адам тіркелді. Мұндай көрсеткіш жыл сайын төмендеп келеді.  Қазір туберкулезді анықтау, диагностикалау ісі де жақсы жолға қойылуда, - дейді ол. 
Өзгелердің жаңалығы