Сәдібек Түгел дәрігерлерге қатысты ұсыныс айтты

14 Тамыз 2020, 11:05
16784
Бөлісу:
Сәдібек Түгел дәрігерлерге қатысты ұсыныс айтты

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Нұр Сұлтан қалалық "Антикор орталығының" ақпараттық ағарту штабының басшысы Сәдібек Түгел денсаулық сақтау министрі Алексей Цойға аманатын жеткізді.

Ең алдымен, коронавирус алапат індеті кезінде аса зор жауапкершілік танытқан барлық ақ халатты абзал жандарға ризашылдығымды білдіріп, рахметімді жолдаймын. Оның ішінде, сізге де алғыс айтамын! Әліңіз келгенше, қолдан келген шараларды толық атқаруға ұмтылып, ізденіс үстінде жүрсіз. Бұл тіршілігіңіз бізді қуантады. Осы орайда, сізге көмек болсын деген ниетте, біраз ұсыныстарымды ұсынамын. Қабылдау немесе қабылдамау сіздің құзырыңызда. Сонымен ең бірінші, неге көңіл аударған жөн деп санайсыз?, - деді ол. 

Ол атағандай, біріншіден, қазіргі қазақ дәрігерлеріне мейірім жетпейді. 

Көбінің радикулиті бар. Белдері  бүгілмейді. Мейірімсіз дәрігерлер мен шала-пұла медбикелер қаптап кетті. Бұл жерде айтарым, ауырған адамға  алдымен укол мен дәрі емес, бас дәрігердің, оның орынбасарларының, емдеуші дәрігердің, аға медбикенің жылы қабағы мен мейірімі және "жазылып кетесіз" деген жылы сөзі ауадай қажет. Сондықтан, бүкіл Қазақстан дәрігерлеріне осы қағиданы айтып, саналарына жеткізіңіз. Кезек күттірмейтін мәселе, - деді ол. 

Екіншіден, ҚСРО кезімен салыстырғанда, біздің елдің дәрігерлерінің кәсіптік біліктілігі мен білімі көп төмендеген. 

Үш күнде үш дәрігер ауысса, үшеуі үш бөлек ем-дом жасайды. Әлі укол сала алмайтын дәрігерлер кездеседі. Бұл не сұмдық! Осы жағдайды да қатаң бақылауға алу керек. Медицина мамандарын даярлайтын барлық жоғары оқу орындары мен медколледждердің профессорлары мен доценттерін аттестациядан өткізіп алуды ұсынамын. Кәсіби білімді жетілдіру курстарының сабақтарын өткізуді министрлік қатты бақылауға алғаны жөн. Бізге, тұтынушыларға мамандықтарын жақсы білетін, нағыз профессионал, мықты докторлар мен медперсонал керек. Надан, сауатсыз дәрігерлердің жұмыс істегенінен істемегені дұрыс болар еді. Бір сөзбен айтқанда, тазалаңыз. Жүйрік дәрігерлерді қалдырып, кісі өлтіретіндерді медицинаға жолатпаңыз, - деді ол. 

Үшіншіден, бұрынғы Советтер Одағы кезеңіндей дәрігерлік "обход" жасау практикасын барлық аурухана мен госпитальде енгізу қажет.  

Оған міндетті түрде, бас дәрігермен оның орынбасарлары қатысуы қажет. "Обходтың" орны өте  зор. Төртіншіден, медицинадағы "коррупцияға" баса назар аударуыңыз керек. Біртанов басында бастады да, кейін тастап кетті. Ол үлкен қателік  болды. Сіз соны қайталамаңыз. Ең алдымен кейбір "главный" врачтар мен хирургтердің іс қимылына мұқият тексеру жүргізу керек. Бесіншіден, күзде пандемияның "екінші толқыны" болады деген әңгіме жиі айтылуда. Біздің ұсынысымыз, тез арада "медициналық мобилизация" өткізіп, үлкен кадрлық резерв жасаңыз, - деді ол.

Өзгелердің жаңалығы