Тұмауға қарсы екпе балалар ағзасына қалай әсер етеді?

1 Қазан 2020, 16:39
2009
Бөлісу:
Тұмауға қарсы екпе балалар ағзасына қалай әсер етеді?

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бұл туралы Алматы қаласының №32 қалалық емханасының педиатрия бөлімінің меңгерушісі Әсел Елемесова өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен онлайн брифингте айтты. 

Қазір вирустардың өршіп тұрған кезеңінде халық жаңа індетпен тұмауды ажырата алмай жатады. 2-3 жыл бұрын тұмау мен жедел респираторлық вирусты жұқтырғандар саны 1 млн-ға жетсе, 2019 жылы олардың саны 600 мыңды құрады. Оны екпе салумен байланыстыруға болады. Алматы қаласының емханаларында қыркүйек айының 15-нен бастап тұмауға қатысты екпе басталды. Екпе 6 айдан асқан балаларға салынады, - деді ол. 

Елемесованың айтуынша, биылғы жылы баласына екпе салдыратын ата-аналардың саны көбейіп жатыр. 

Сондықтан екпе салдырар алдында, ата-аналар дәрігер тексерісінен өтеді. Дәрігерлер медициналық қарсы көрсеткіштер болмаған жағдайда, дене қызуын өлшеп, ата-анасының екпені егу туралы қағаз жүзінде келісімі алынады. Екпе салынған соң, бала 30 минут дәрігердің қарамағында, кейін 2 күн аймақтық дәрігердің бақылауында болады. Тұмауға қарсы екпені қыркүйек айынан желтоқсан айына дейін алған абзал. Вакцинаның қорғаныш әсері 14 күннен кейін пайда болады. Ол 12 айға дейін созылады, - деді ол. 

Оның айтуынша, соңғы 3 жыл бойы ресейлік вакцина қолданылады. 

Оны салғаннан бері 3 жылдың ішінде азаматтардың атынан ешбір арыз-шағым болмады. Екпе салынған балалар кез келген инфекцияны жеңіл түрде еңсереді. Алайда, екпе 100 пайызға респериторлық вирустан қорғай алмайды, бірақ асқынуларды болдырмайды, - деді ол.
Өзгелердің жаңалығы