Бас жаңалықтар
Тұңғыш Президент күні қарсаңында босанған әйелдерге сыйлықтар берілді
01 Желтоқсан 2020, 18:39 299

Тұңғыш Президент күні қарсаңында босанған әйелдерге сыйлықтар берілді

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Бүгін Нұр-Сұлтан қаласы әкімінің орынбасары Бақтияр Мәкен мен Денсаулық сақтау басқармасының басшысы Тимур Мұратов №1 көпсалалы аурухананың акушерлік блогында болып, 1 желтоқсанда босанған аналарды құттықтады. 

Іс-шара "30 игі іс" акциясы аясында өтті. Елорда әкімінің орынбасары аналарға гүл шоқтары мен сыйлықтар табыстап, отбасыларына бақыт тіледі.

Мерекеде туған елорда тұрғыны Гүлмира Қанапиянова дәрігерлерге алғысын білдірді.

Бұл мен үшін ерекше күн. Себебі үшінші перзентіміз - қыз бала дүниеге келді. Білікті акушерлердің, мейірбикелер мен фельдшерлер көрсеткен кәсібиліктің арқасында бәрі оңай өтті. Баршаңызды Тұңғыш Президент күнімен құттықтаймын! Сіздердің отбасыларыңызға бақыт пен жұмыста табыс тілеймін, - деді Гүлмира Қанапиянова.

Бүгін № 1 ауруханада таңғы сағат 14.00-ге дейін 24 бала дүниеге келді. Олардың он бесі -ұл, тоғызы - қыз.

Еске сала кетейік, Қазақстан Тәуелсіздігінің 30 жылдығы қарсаңында елордада "30 игі іс” ұранымен әлеуметтік және қайырымдылық іс-шаралары өтуде. Бұл эстафетаның ең басты мақсаты – қалаға және тұрғындарға игі іс жасау.

2020 жылдың 16 желтоқсаны қарсаңында "30 игі іс" жобасы аясында үш жаңа мектеп, жабық футбол манежі, велопрокат пункті бар жол-соқпақ желісі және жасыл белдеудегі құс асырауға арналған орын беріледі деп күтілуде. БЦП және невралгиялық бұзылулары бар балаларға арналған ірі оңалту орталығының ашылуы өтеді.

Қала тұрғындары эстафетаға қосылып, акция аясында өз аккаунттарында #Мейірімдіболуәдет, #Добротаобразжизни #Моднобытьдобрым хештегімен ақпарат немесе бейне жариялай алады.


Фото: ашық дереккөз
Загрузка...