Тұрғын-үй саясатына жауапты бірыңғай оператор құрылады

19 Ақпан 2020, 14:00
1616
Бөлісу:
Тұрғын-үй саясатына жауапты бірыңғай оператор құрылады

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Елімізде тұрғын-үй саясатындағы басты институт саналатын "Бәйтерек" ұлттық басқарушы холдингінің құрылымы өз жұмысын оңтайландыруды жоспарлап отыр. 

Өздеріңізге белгілі, Қазақстанда тұрғын үй саясатын жүзеге асырудың бірыңғай операторы әлі пайда болған жоқ. Алайда, бүгін "Бәйтерек" холдингінің өкілі Әнуар Омарқожаев жаңа оператор құрылатынын айтты. 

Бірыңғай операторға "Даму" Қорының құрылыс салушыларына несиелерді субсидиялау функциясы берілетін болады.

1 шілдеге дейін біз Заңға тиісті өзгерістер енгізу бойынша жұмыстар жүргіземіз. Бірыңғай оператор барлық кезеңдерде жан-жақты қолдау көрсетеді. Холдингтің тұрғын үй блогы жұмыс істейтін азаматтардың Тұрғын үй құрылыс жинақ банкінен алынған несиелер арқылы сұранысын ынталандырады және бірыңғай оператордың функциялары арқылы тұрғын үй салу туралы ұсынысты қамтамасыз ететін боламыз, - деп айтты баспасөз-конференциясында Басқарма төрағасының орынбасары Әнуар Омарқожаев.
Бұған дейін, "Бәйтерек" ҰБХ" АҚ Басқарма төрағасының орынбасары Әнуар Омарқожаев Орталық коммуникация қызметінде өткен брифингте әкімдіктер Тұрғын үй құрылыс жинақ банкінің салымшыларына және "7-20-25" бағдарламасының қатысушыларына белгіленген бағамен 10,6 мың кредиттік пәтерді тапсырғаны хабарланған болатын.

Сонымен қатар, президенттің Жарлығымен осыдан жеті жыл бұрын құрылған "Бәйтерек" холдингінің еншілес ұйымы, яғни Тұрғын үй құрылысына кепілдік беру қоры жалпы сомасы 88,8 млрд теңге тұратын жобаны мақұлданды.

Өзгелердің жаңалығы