Бас жаңалықтар
Тұрғын үй жағдайларын жақсарту үшін зейнетақы төлемдерін қандай мақсаттарға пайдалануға болады?
VIDEO
26 Қаңтар 2021, 10:44 249

Тұрғын үй жағдайларын жақсарту үшін зейнетақы төлемдерін қандай мақсаттарға пайдалануға болады?

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Елімізде соңғы кездегі ең басты тақырып - зейнетақы қорындағы жинақ ақшаны қалай пайдалануға болады деген сұрақ. Негізінен тұрғын үй алуға жұмсалуы керек деген қаржыны сол салада қалай тиімді пайдалануға болатыны жайлы шағын бейне-роликтен көріңіздер.

1. Ислам банкінің қаржыландыруы аясында тұрғын үйді сатып алу, ислам банкінің тұрғын үй сатып алу жөніндегі мәмілені қаржыландыруы шеңберінде берешекті өтеуге (ішінара немесе толық) болады. 

2. Ипотекасыз тұрғын үй (пәтер, жеке үй, жатақханадан бөлме) бастапқы немесе қайталама нарықта, сондай-ақ салынып жатқан нысандардан ипотекасыз сатып алуға (толық өтеу арқылы) болады. 

3. Отбасы банкінде тұрғын үй құрылыс жинақ жүйесі бойынша бастапқы немесе қайталама нарықтан пәтер, жеке үй, жатақханадан бөлме сатып алу үшін ипотекалық тұрғын үй займын алуға болады. 

4. Бастапқы немесе қайталама нарықтан пәтер, жеке үй, жатақханадан бөлме сатып алу мақсатында ипотекалық несие алу үшін бастапқы жарна төленеді (оның ішінде ислам банкі қаржыландыру шеңберінде). 

5. Тұрғын үй құрылысы бағдарламалары мен дағдарысқа қарсы бағдарламалар аясында берілген сатып алу құқығымен тұрғын үйді ұзақ мерзімді жалдау шарттары бойынша берешекті ішінара немесе толық өтеу.

6. Жеке тұрғын үй құрылысы (жер учаскесін алуды қоса есептегенде). 

7. Басқа банктерден тұрғын үй сатып алуға, жеке тұрғын үй құрылысына арналған ипотекалық несиелерді «Отбасы банкінде» қайта қаржыландыруға болады.


Фото: ашық дереккөз
Видео: BAQ.KZ
Загрузка...