Бас жаңалықтар
Түркістан: 109 call-орталыққа мыңға жуық қоңырау түсті
27 Наурыз 2020, 21:40 321

Түркістан: 109 call-орталыққа мыңға жуық қоңырау түсті

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Еліміздегі төтенше жағдайға байланысты 23 наурыздан бастап Түркістан облысы әкімдігінің жанынан тұрғындардың сауалдарына жедел жауап беру үшін арнайы Call–орталық ашылған болатын. 

Бұл туралы Түркістан облысының Өңірлік коммуникациялар қызметі хабарлады.

Бүгінде бұл орталық 109 нөмірі арқылы тәулік бойы 24/7 форматта тұрғындардан қоңыраулар қабылдап жатыр. Қазірдің өзінде орталық 1 мыңға жуық қоңырау қабылдап үлгерген. Оның басым бөлігінде тұрғындар төтенше жағдайда еліміз бойынша қозғалу, әрекет ету, азық-түлік бағаларын білу, халыққа қызмет көрсету орталықтары мен мемлекеттік мекемелердің жұмыс кестесін анықтау, көпбалалы және аз қамтамасыз етілген отбасыларға, мүгедектерге берілетін мемлекеттік көмек туралы сауалдармен хабарласыпты, - делінген таратылған ақпаратта

Жиналған барлық сауалдарды операторлар салалық құрылымдарға жолдап, дер кезінде жауап жолдауға жұмыс істеуде.




Фото: ашық дереккөз
Загрузка...