Түркістан қалалық емханасында 2050 екпе жасалды

10 Сәуір 2021, 16:00
2369
Бөлісу:
Түркістан қалалық емханасында 2050 екпе жасалды
PHOTO
Фото: автордан

Түркістан облысы, BAQ.KZ тілшісі. Түркістан қаласында екпе егетін пункттердің саны қазіргі таңда 10-ға жеткізілді. Сонымен қатар, бүгінге дейін Түркістан қалалық емханасында 2050 доза вакцина салынды. Бұл туралы аталған емхананың бас дәрігерінің орынбасары Серік Әбдіқұлов мәлімдеді.

Түркістан қалалық емханасында 2050 екпе жасалды

Өздеріңіз білесіздер, бүкіл әлем бойынша COVID-19 пандемиясының екінші толқынының алдын алу мақсатында екпе салу жұмыстары жүргізілуде. Жалпы, Түркістан қалалық емханасына 94600 тұрғын тіркелген. Емханада  екпе салу жұмыстары бірінші ақпаннан бастап жүргізіп келе жатыр.

Түркістан қалалық емханасында 2050 екпе жасалды

Айта кетейік, Түркістан қалалық емханасы бойынша 3050 доза вакцина жеткізілген болатын. Оның 2050 дозасы салынып бітті. Алғашқылардың бірі болып медицина қызметкерлері, мұғалімдер және аймақтық полиция қызметкерлері салдырды. Осы айтылғандардың ішінде өз еркімен вакцина салдыруға келген азаматтар да тіркелген.  

Біздің емханаға қарасты мекемелердің арасында екпеге қатысты түсіндірме жұмыстары әлі күнге дейін  жүргізілуде. Себебі халық арасында вакцинаның зияны туралы жалған мәлімет тарап кеткен болатын. Түркістан қаласы бойынша 10 арнайы вакцина салатын пункт ашылған болатын. Ол жердің барлығында арнайы білікті, жоғары деңгейдегі дәрігерлер қызмет атқарып отыр. Емханада вакцина сақтайтын қоймамыз бен минус  20 градуста ұстап тұратын арнайы бекітілген мұздатқыштар бар. Одан бөлек, екпелерді тасымалдауға арналған қажетті термоконтейнер мен пункттеріміз қосымша құрал-жабдықтармен толықтай жабдықталған, - деді бас дәрігердің орынбасары Серік Әбдіқұлов.  

Бас дәрігердің орынбасарының айтуынша, вакцина күнделікті керекті деңгейде жеткізілуде. Сондай-ақ, қазіргі кезде халықтың арасында еріктілерге де барып екпе салуға мүмкіншілігі болып тұр.
Вакцинаны 18-бен 65 жас аралығындағы ешқандай қарсы көрсетілімі жоқ азаматтардың барлығына салуға мүмкіншілігіміз бар. Тұрғындарға айтарым, жалпы вакцинациядан ешқандай қорқудың қажеті жоқ. Үрей мен қорқыныш сезіміне бой алдырмай, екпе салдыратын болсаңыз, сіз өзіңізді ғана емес, отбасыңызды, балаларыңызды коронавирус пандемиясының екінші толқынынан сақтандыра аласыз, - деді дәрігер.
Түркістан қалалық емханасында 2050 екпе жасалды
Өзгелердің жаңалығы