Бас жаңалықтар
«Түркістан» кемесі теңізге жол тартты
05 Мамыр 2021, 20:33 409

«Түркістан» кемесі теңізге жол тартты

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Орал қаласында күллі түркі әлемінің рухани астанасының құрметіне аталған жаңа «Түркістан» кемесі салтанатты түрде теңізге жол тартты. 

«Зенит» Орал зауыты АҚ құрастырған шағын қарауыл кемесіне «Түркістан» атауы берілді.

ҰҚК баспасөз қызметінің хабарлауынша, жаңа кеме аумақтық суларды, мемлекеттік шекараны және континенттік қайраңды қорғауды қамтамасыз етуге арналған. Қазақстан қалаларының символикалық атаулары бар кемелер көптеген жыл бойы Теңіз шептерін қорғауды тиімді қамтамасыз етіп келеді. Бұл қатарда «Нұр-Сұлтан» мен «Қарағанды» кемелері де бар. 

Салтанатты шараға Батыс Қазақстан облысының әкімі Ғ. Н. Есқалиев, күш ведомстволарының басшылығы, «Зенит» зауытының ұжымы, кеменің жеке құрамы, сондай-ақ Орал қаласының тұрғындары қатысты.


Кемені қалай атасаң, солай жүзеді. Бүгінде Түркістан қаласы қарқынды дамып келеді және таяу болашақта әлемдік туризмнің орталығына айналмақ. Шекарашыларымыз жаңа кемемен әскери қызметтің жоғары нәтижелеріне қол жеткізеді деп сенеміз. «Түркістан» атты кеменің теңіз шекарашыларының қатары еліміздің теңіз шептерін күзетуді армандайтын Түркістан облысының жас әрі мықты жігіттерімен толығады деп үміттенеміз!, - деді өз сөзінде ҰҚК ШҚ шекара күзеті департаменті бастығының орынбасары бірінші дәрежелі капитан С. Хайдаров.


Аталған рәсім Әскери-теңіз шекара Туын және «Түркістан» кораблінің командиріне тақтайшаны тапсырумен, шеруге қатысушы корабльдер мен катерлер теңізге шығуымен жалғасты. Қуанышқа ортақтасқан Орал қаласының тұрғындары, зауыт жұмысшылары мен кеме экипажы оркестрмен бірге кемеге сәт-сапар тілеп шығарып салды.


Фото: дереккөз
Загрузка...