Түркістан облысында көлік апатынан жеті адам көз жұмды

20 Маусым 2021, 14:31
2473
Бөлісу:
Түркістан облысында көлік апатынан жеті адам көз жұмды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Түркістан облысында полиция қызметкерлері 7 адам қаза тапқан жол-көлік оқиғасы бойынша тергеуді бастады, деп хабарлады облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметі. 

Бүгін Созақ ауданының Екпінді-Бірлік автожолының 144-531 шақырымында екі жеңіл автокөлік соқтығысты. Бұл туралы хабарлама аудандық полиция бөлімінің 102 пультіне сағат 11.20-да келіп түсті. Оқиға орнына бірден ТО ПД-нің криминалистері мен анықтаушылары және жедел тергеу тобы шықты. Полиция қызметкерлері «Лада-Приора»  мен «Фольцваген-Гольфтің» соқтығысқанын анықтады. Оқиға орнында 2 жеңіл көлік жүргізушісі мен 5 жолаушы көз жұмды. Ал жарақат алған 1 адам аудандық аурухананың жан сақтау бөліміне жатқызылды, - делінген ақпаратта.

Аталған жайт аудандық бөлімінде СДТБТ-ға ҚР ҚК-нің 345-бабы 4-бөлігі бойынша тіркелді. Сотқа дейінгі тергеу басталды. Оқиға орнында тергеу амалдары жүргізілуде. Полиция қызметкерлері қаза болғандардың жеке басын анықтап, жол-көлік оқиғасының барлық мән-жайын анықтауда.

Өзгелердің жаңалығы