Түркістан облысының құрылғанына 3 жыл толды

30 Наурыз 2021, 22:03
5569
Бөлісу:
Түркістан облысының құрылғанына 3 жыл толды
PHOTO

Түркістан облысы, BAQ.KZ тілшісі. Осыдан үш жыл бұрын, 2018 жылдың 19 маусымында Тұңғыш Президент, Елбасы Н.Назарбаев тарихи құжатқа қол қойды. Дүниеге жаңа Түркістан деген облыс келді. Ал Түркістан қаласы облыс орталығына айналды. Айналасы үш жыл ішінде киелі шаһар айтарлықтай өзгерді, жаңаша түледі.

Түркістан облысының құрылғанына 3 жыл толды

Қалада атқарылып жатқан қарқынды жұмыстар тікелей Елбасының назарында. Бүгінде «Оқушылар сарайы», «Rixos Turkistan» және «Hampton by Hilton» қонақ үйлері, «Сапар орталығы», «Түркістан Халықаралық әуежайы», «Алатау медиа» орталығы, «Ақжайық» музыка мектебі, Түркістан облысының әкімдігі, Департаменттер мен басқармалар үйі және тағы басқа ғимараттар пайдалануға беріліп, халық игілігіне қызмет етуде.

Түркістан облысының құрылғанына 3 жыл толды

Осылайша, көне қалада жаңа жұмыс орындары ашылып, өзге қалаға кеткен жастар қайтадан туған жеріне оралып, өз саласында белсене қызмет етіп жүр.

Жалпы, бұдан өзге 89 көпқабатты үйдің құрылысын жүргізу жоспарланса, оның 9-ы аяқталып, пайдалануға берілген. Биыл осы қалған 80 үйдің құрылысы кестеге сәйкес жүріп жатыр.

Түркістан облысының құрылғанына 3 жыл толды

Қаладағы бірегей жобаның бірі – «Керуен сарай» кешені. Бұл 30 гектардан аса аумақты алып жатқан кешен. Мұнда шығыс базары, көлде қайықпен жүзу мүмкіндігі, қонақ үй, жалпы, бағзы заманнан көрініс беретін кең көлемдегі қонақтар мен қала тұрғындарына арналған орын болмақ. Сонымен қатар Шымкент қаласынан кіреберіс аумақта 5000-7000 адамға шақталған мешіттің құрылысы жүріп жатыр. Бұл облыс орталығы, киелі мекен Түркістан қаласына Өзбекстан Республикасының тартуы болмақ.

Түркістан облысының құрылғанына 3 жыл толды

Тағы бір нысан – «Тұңғыш Президент саябағы» да тұрғындар үшін саялы орынға айналмақ. Жалпы, қаладағы ірі нысандар – еліміздің түкпір-түкпіріндегі қалалардан тапсырылған сый.

Түркістан қаласы шығыстық үлгіде дамитын болады, яғни көне мен келешектің жаңғырған кейпіне енеді. Бұл тұста Түркістан – әлемнің Рим, Стамбул, Иерусалим қалаларын негіз етіп алды. Тарихи, көне әрі заманауи стильмен ұштасқан. Қаладағы барлық кәсіпкерлік нысан да кірпішпен оралып, сыртқы келбеттері бір стиль мен бір түске еніп жатыр. Осы ретте, кәсіпкерлерден де ерекше қолдау болып жатқаны бар.

Түркістан облысының құрылғанына 3 жыл толды

Түркістанда 1 желтоқсан – Тұңғыш Президент күніне орай «Түркістан Халықаралық әуежайы» ресми жұмысын бастады. Әз Наурыз мерекесі қарсаңында халықаралық бағытта қатынайтын Түркістан-Ыстамбұл-Түркістан бағыты бойынша әуе рейстері жүре бастады. Құны 39999 теңгеден басталады. Жалпы, FlyArystan лоукостері бойынша Алматыдан 5999 және елордадан 6999 теңгеден рейстер ұйымдастырылуда. Бұл әуежай Түркістаннан шығысында 20 км қашықта орналасқан. Әужайдың жалпы аумағы 905 га, жолаушылар терминал аумағы 10,5 мың шаршы метрді құраса, ал ұшу-қону сызығының ұзындығы – 3300 м, ені - 45м. Болжам бойынша әуежай сағатына 450 адамға, ал жылына 3 миллионға жуық жолаушыға қызмет ететін болады. 2020 жылдың 1 желтоқсанында тұңғыш рет Түркістанға «Нұр-Сұлтан – Түркістан» бағытында «Fly Arystan» лоукостері 163 жолаушымен келіп қонды.

Түркістан облысының құрылғанына 3 жыл толды

Туристер үшін де қалада біршама жұмыс атқарылып жатыр. Облыс орталығына жылына 1-1,5 млн турист келеді. Елдегі карантин аяқталса, туристер саны артады деген тұжырым бар. Ол үшін біршама жоба жүзеге асуда. Мәселен, қалаға келген азаматтар қайда барады, қайда қыдырады, осы сауалдардың жауабын табу үшін «Сапар орталығы» жұмыс істеп тұр. Онда электрокар арқылы Рухани-мәдени орталықпен танысып шығуға болады. Сондай-ақ, аудиогидтер арқылы ақпарат ала алады. Онда қазақ, орыс, түрік, қытай, араб, ағылшын және француз тілдері орнатылған. Одан өзге, «Amazing Turkistan» сайтында да ақпараттар беріліп отырады. Ал жуық арада Бірыңғай билет жүйесін енгізу жоспарлануда. Билет арқылы бірнеше жерге кіруге болады және жеңілдіктерге ие бола алады. Кесене аумағынан салынған этноауыл да келушілерді қызықтыратыны сөзсіз.

Түркістан облысының құрылғанына 3 жыл толды

Түркістан қаласы бүкіл әлемге көк күмбезді кесенесімен танымал. Рухани астана атанған шаһардың ең басты нысаны да – осы кесене. Кесенеде қазірде қайта жаңғырту жұмыстары жүріп жатыр. Яғни, «Әзірет Сұлтан» тарихи-мәдени қорық музейін абаттандыру жұмыстары 4 кезең бойынша іске асырылуда. Атап айтсақ, кесене аумағы, Күлтөбе қалашығынан бастап, кесененің батыс бөлігі, Этноауыл және «Яссы» бағы. «Яссы» бағының құрылысы сәуір айы ішінде аяқталады деп күтілуде. Бұл аумаққа жақында қауіпсіздікті қадағалау үшін «SOS» батырмалары орнатылды. Ол полиция өкілдерімен тікелей байланыс жасауға мүмкіндік береді.

Түркістан облысының құрылғанына 3 жыл толды

Қаладағы негізгі бағыттардың бірі – кәсіпкерлік. Әр қаланың, ауылдың, кез келген елді мекеннің негізін тіршілік көзі орта және шағын бизнеске негізделген. Соның арқасында тұрғындар тұрақты табыс тауып отыр. Мәселен, өткен жылы Түркістан қаласында 6 кәсіпорын іске қосылып, жалпы саны 47-ге жетті, нәтижесінде жаңа жұмыс орындары пайда болды. Ал, шағын және орта бизнес субьектілер саны - 10 885 асып, 27 мың адам жұмыспен қамтылды. Қаланың әрбір алтыншы тұрғыны мемлекеттік емес салада жұмыс істейді. Дегенмен, орта бизнесті қолдау әрі қарай жалғаспақ. Осы мақсатта «TURKESTAN» индустриалды аймағы қолданыстағы 40 гектар жерді 310 гектарға дейін  ұлғайтып, инфрақұрылыммен қамтамасыз етуде. Сонымен қатар, 2021 жылы «Түркістан» индустриалды аймағында іске асыру үшін 3 инвестициялық жоба тартылды. Бұл өз кезегінде жаңа 1026 жұмыс орнын ашатын болады. Ал қазір жұмыс істеп тұрған немесе жұмыс бастауға ниетті кәсіпкерлерге көрсетілетін бірнеше қолдау шарасы да бар.

Түркістан облысының құрылғанына 3 жыл толды

Түркістан қаласында 2020 жылдың желтоқсан айында «Turkistan Textile» тігін фабрикасы өз жұмысын бастады. Қазақстан мен Өзбекстан біріккен жобасы аясында «Qojakent Textile» ЖШС фабрика құрылысын 3 ай мерзімде аяқтады. Бұл кәсіпорында 1000 адам жұмыс істеп, 15 мың дана өнім шығарылуы көзделуде.

Түркістан облысының құрылғанына 3 жыл толды

Түркістан қаласының даму шараларына  қызығушылықтарын танытып, 2020 жылы 869 242 турист келген. 2020 жылдың қараша айында 120 нөмірлі, 230 төсек орынды «Rixos» қонақ үй кешені және 100 нөмірлі, 200 төсек орынды «Hampton by Hilton» қонақ үйлері өз жұмысын бастады. 2021 жылы 675 орынды ұсынатын 6 қонақ үйдің іске қосылуы жоспарлануда.

Түркістан облысының құрылғанына 3 жыл толды

Одан өзге Цифрландыру саласы аясында «Түркістан» теміржол вокзалына, Қ. А. Ясауи кесенесі және «Қабылдау орталығы» аумағына «Ашық WiFi» желісі қойылып, интернет желісі тегін таратылды. Мұндағы «Ашық WiFi» желісіне кіру смс код арқылы жүргізіледі және смс ақысы абоненттен алынбайды. Қыркүйек айынан бастап қазіргі күнге дейін «Ашық WiFi» желісіне 3000-ға тарта азамат кіріп, қызметіне жүгінген.

Түркістан облысының құрылғанына 3 жыл толды

Бұдан бөлек, Түркістан облысының Цифрландыру, мемлекеттік қызмет көрсету және архивтер басқармасы тарапынан «Жеңіс», «Парасат», «Гүлдер», «Аттракцион» саябақтарына, Ясауи және кіші арбаттарда, Байбұрт көшесінде орналасқан субұрқақта тегін WiFi желісі орнатылды.

Түркістан облысының құрылғанына 3 жыл толды

Түркістан қаласы әкімдігі 2020 жылы «Түркістан-109» бірыңғай байланыс орталығы жобасын іске асырды. Тәулік бойы тұрғындардың шағымын қабылдайтын, заманауи техникалармен жабдықталған орталық қазір де операторлармен және қажетті мамандармен толыққан. #АшықӘкімдік, #ХалықтықӘкімдік жүйесін қолға алған Түркістан қаласының әкімдігі бұл жүйе арқылы қала тұрғындарының жергілікті атқарушы органдарға келіп, уақыт жоғалтпаудың алдын алмақ. Сондай-ақ, сыбайлас жемқорлықпен күрестің бірден бір тәсілі. Яғни, қала әкімі мен әкімдіктің әлеуметтік желідегі ресми парақшаларына келіп түскен пікірлер, сұраным, өтініш пен шағымдарды аталған 109 қызметі өз назарына алып, тіркеп отырады.

Түркістан облысының құрылғанына 3 жыл толды

Одан өзге, шағымдарға жауап беру нәтижесінде әкімдіктің қызметкерлеріне, яғни қала әкіміне және орынбасарларына пайыздық көрсеткіш беріледі. Ол орынбасарлардың құзіретіне кіретін жауапты бөлімдердің шағымдарға назар аударуы нәтижесінде белгілі болады.

«Ашық әкімдік» концепциясы аясында, әкімдіктің «Халықтық кеңсесі» ашылып, көрсетілетін мемлекеттік қызметтерді бір жерден, бір терезе қағидаты бойынша алу жүйеленді. Яғни әкімдіктің бөлімдерімен көрсетілетін мемлекеттік қызметтер мен е-гов порталындағы барлық қызметтерді осы Халықтық кеңседен алуға болады. Бір жылдың аясында Халықтық кеңсеге 70 мыңға жуық азамат түрлі қызмет алуға өтініштермен жүгінген.

Түркістан облысының құрылғанына 3 жыл толды

Бұған қоса, қала тұрғындарынан қала әкімінің және қала әкімдігінің әлеуметтік желелеріне көптеген шағым түсуіне байланысты, «Жұмыспен қамту орталығы» мекемесіне заманауи бейне бақылау жүйесі орнатылды. 

Түркістан облысының құрылғанына 3 жыл толды

2018-2020 жылдары Түркістан қаласында заманауи үлгідегі жасанды төсенішімен 40 ашық спорт алаңшалары салынып, пайдалануға берілді. Олар: 26 кіші футбол алаңы, 6 теннис корты, 5 стрит воркаут алаңы, 3 стрит бол. Сонымен қатар 7000 орындық «Түркістан арена» орталық стадионы мен жабық бассейіні бар спорт сарайы іске қосылды.

Өзгелердің жаңалығы