Бас жаңалықтар
Түркістан облысының полицейлері мас жүргізушіні ұстады
03 Желтоқсан 2020, 12:39 166

Түркістан облысының полицейлері мас жүргізушіні ұстады

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Мақтаарал аудандық патрульдік полиция тобының  қызметкерлері жол-көлік апаттарының алдын алу мен жолда жүру ережелерін өрескел бұзушыларды анықтау мақсатында күнделікті рейдтік-профилактикалық іс-шаралар өткізіп келеді. 

Осындай кезекті рейд барысында аудандық полицейлер сағат түнгі 00:50 шамасында аудан көшелерін патрульдеп келе жатып, «Ваз» маркалы автокөлігін тоқтатқан. Жүргізушінің құжаттарын тексеру барысында оның мас екені анықталған. Сонымен қатар мас халдегі құқықбұзушы бұған дейін 2018 жылы спирттік ішімдік ішіп, руль тізгіндегені үшін автокөлік басқару құқығынан айырылғаны белгілі болды. 

Соған қарамастан жол ережесін бұзған жүргізуші заңсыз әрекетін қайталап, екінші рет мас халде көлік басқарған. Аталған жайт сотқа дейінгі тергеп-тексерудің бірыңғай тізіліміне енгізіліп, ҚР ҚК-нің 346-бабы «Көлік құралдарын басқару құқығынан айырылған, алкогольдік, есірткілік және (немесе) уытқұмарлық масаң күйдегі адамның көлік құралын басқаруы, сол сияқты көлік құралын осындай адамның басқаруына беру немесе көлік құралын осындай адамның басқаруына жол беру» бойынша тіркелді. Көлігі айыптұраққа қойылды. Жинақталған іс-құжаттары заңды шешім қабылдау үшін аудандық сотқа жолданды, - деп хабарлады ТО ПД-нің баспасөз қызметі.

Өз кезегінде Түркістан облысының полицейлері жүргізушілерге абай болу және жол ережесін бұзбау қажеттігін ескертеді. Жылдамдықты асырмаңыз, қарсы жолға шықпаңыз, маневр жасау ережелерін бұзбаңыз және ең бастысы мас күйде рульге отырмаңыз.


Фото: ашық дереккөз
Загрузка...