Түркістан полицейлері «Беташар» тойын жасағандардың үстінен түсті

18 Мамыр 2021, 19:34
2203
Бөлісу:
Түркістан полицейлері «Беташар» тойын жасағандардың үстінен түсті

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Бұл туралы ТО ПД-ның баспасөз қызметі хабарлады.

Карантин талаптарының сақталуын қадағалау мақсатында құрылған арнайы мобильдік топтар, той-жиындарға жиналған көпшілікті тарқатуда. Облыс полицейлерімен бұл бағыттағы жұмыстар тұрақты түрде жүргізілуде. 

Түркістан полицейлері «Беташар» тойын жасағандардың үстінен түсті

Мәселен, Мақтаарал АПБ-ның қызметкерлері сағат 15:00 шамасында мақтааралдық тұрғынның үйінде «Беташар» тойын өткізіп жатқанын анықтады. Тойға 60-тан астам адам жиналған. Мобильдік топ мүшелері жиналған адамдарға түсіндірме жұмыстарын жүргізіп, тойды дер кезінде тоқтатты, - делінген хабарламада.

Осы тұста карантин талаптарын елемеген той иесіне қатысты ҚР ӘҚБтК-нің 425-бабы «Халықтың санитарлық-эпидемиологиялық салауаттылығы саласындағы заңнама талаптарын, сондай-ақ гигиеналық нормаларды бұзу» бойынша іс-құжаттар жинақталып, заңды шешім қабылдау үшін Мақтаарал аудандық СЭББ-ға жолданды. 

Өз кезегінде Түркістан облысының полицейлері барлық азаматқа карантин кезінде сақтық шараларды ұстанып, адамдар көп шоғырланған жерлерге бармауды, басқосулар мен той-жиындарды жасамауды ескертеді. 

Карантин ескерілмей, құқық бұзушылыққа жол берілген жағдайда, заң аясында жауапкершілік қарастырылған. Сондықтан немқұрайдылық танытпай, өз саулықтарыңыз үшін карантин талаптарын ұстанғандарыңыз жөн.

Өзгелердің жаңалығы