Түркістан: Төлеби ауданында биыл 2 мектеп пайдалануға беріледі

23 Ақпан 2021, 04:35
1928
Бөлісу:
Түркістан: Төлеби ауданында биыл 2 мектеп пайдалануға беріледі

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Түрікстан облысы Төлеби ауданында 2 жаңа мектеп салынып, 1 білім ошағы кеңейтілуде, деп хабарлайды Түркістан облысының өңірлік коммуникациялар қызметі.

Атап айтқанда, Қайнар және Ақбастау елді мекендерінде 200 орындық екі бірдей жаңа мектептің, Ленгір қаласындағы №1 мектеп-гимназиясына қосымша оқу корпусын салу үшін қаржы қаралған. Құрылыс жұмыстары белгіленген кестеге сәйкес жасалуда. Негізінен ғимараттардың құрылысы былтыр бастау алған.

Айта кетерлігі, ауданда тағы 4 мектептің құрылысын жүргізуге жобалық-сметалық құжаттамаларының оң қорытындысы алынып, қаржыландыруға ұсынылған.

Сондай-ақ 1 мектептің құрылысын жүргізуге қажетті құжаттар әзірленуде. Ал Ленгір қаласындағы 80 орындық оқушылар үйінің құрылыс-монтаж жұмыстарын қаржыландыру «Жұмыспен қамтудың жол картасы» бағдарламасы аясында қолдау тапқан.



Өзгелердің жаңалығы