Түркістанда барлық автовокзал уақытша жабылды

3 Сәуір 2020, 15:15
1603
Бөлісу:
Түркістанда барлық автовокзал уақытша жабылды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Бұл шаралар облыс аумағында коронавирустың таралуына жол бермес үшін жасалды, деп хабарлады Түркістан облысының Өңірлік коммуникациялар қызметі.

Түркістан облысы аумағында коронавирустық инфекцияның таралуына жол бермеу, тұрғындардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында облыстағы барлық автовокзал мен автобекеттер қызметтері уақытша тоқтатылды.

Қауіпті инфекцияның таралуын болдырмау үшін тұрғындарға барынша сақ болуға, арнайы масканы пайдалануға, гигиеналық талаптарды сақтауға шақырамыз, - делінген таратылған ақпаратта.


Өзгелердің жаңалығы