Бас жаңалықтар
Түркістанда мобильді топ карантин талаптарының сақталуын қадағалауда
26 Қазан 2020, 12:43 175

Түркістанда мобильді топ карантин талаптарының сақталуын қадағалауда

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. 17 қазанынан бері Түркістан облысындағы Келес АПБ қызметкерлері, аудан әкімдігі мен аудандық тауарлармен көрсетілген қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау басқармасының қызметкерлерімен бірге ауданды аралап, рейдтік шараларды атқаруда. 

Олар  Келес ауданы көлемінде карантин талаптарының орындалуын жаппай қадағалап, кешенді тексеру жұмыстарын жалғастырып келеді, деп хабарлайды ТО ПД-нің баспасөз қызметі. 

Нәтижесінде карантин талабын сақтамаған бірнеше жергілікті тұрғындарды анықтады. Заң бұзғандарға айыппұлдар салып,  карантин талаптарын қатаң түрде сақтау керектігін ескертті. 

Сонымен қатар, мобильді топ өкілдері, Келес ауданы орталығының Абай ауылындағы тойханалар мен мейрамханаларды тексеріп, нысан иелерімен кездесіп, той-жиын өткізбеу және азаматтардың жиналуына жол бермеу керектігін түсіндіріп, карантин талаптары бұзылган жағдайда заңды шара қолданылатыны туралы айтты. 

Сондықтан әрбіріміз  денсаулығымызға немқұрайлы қарамайық. Жақынымызға жанашыр болайық. Ел қамын ойлайтын азаматтарымыз, ұлттың амандығы үшін күндіз-түні тынбай еңбек етуде. Бұл бағыттағы іс-шаралар алдағы уақыттада өз   жалғасын таппақ. Сондықтан бетперделік режим мен арақашықтықты сақтаңыздар!, – деп ескертеді ТО ПД-нің баспасөз қызметі.




Фото: дереккөз
Загрузка...