Бас жаңалықтар
Түркия мен Грекияда жер сілкінісі болды
31 Қазан 2020, 02:46 170

Түркия мен Грекияда жер сілкінісі болды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Түркияның Измир қаласында 6,6 балдық, ал Грекияда 6,8 балдық жер сілкінісі болды, деп хабарлады РИА Новости.

Жергілікті бұқаралық ақпарат құралдарының хабарлауынша, жер сілкінісінің эпицентрі Сеферихисар қаласының ауданында болған. Соңғы мәліметтер бойынша, Измирде 12 адам қайтыс болып, 522 адам жарақат алды, - деп хабарлайды елдің төтенше жағдайлар және апаттар агенттігі.
Измир провинциясында қираған жерлер бар екені хабарланды. Жергілікті телеарналар жер сілкінісі болған Сеферихисар қаласының көшелерін су басып, кішігірім цунами тудырды деп хабарлайды.

Бұған дейін Қазақстанның Сыртқы істер министрлігі Түркия мен Грекияда зардап шеккен қазақстандықтар туралы мәлімет жоғын хабарлаған.

Екі елдегі дипломаттар жұмыс істеп, біздің азаматтарымыз бойынша жағдайды анықтап жатыр. Әзірше ақпарат түскен жоқ, бірақ Измир – үлкен қала, - деп түсіндірді СІМ баспасөз қызметінің жетекшісі Айбек Смадияров.
Кейіннен Қазақстанның Сыртқы істер министрлігінің ресми өкілі Айбек Смадияров Қазақстанның Түркиядағы елшілігі қазақстандықтарға халқына үндеу жасағандығын жеткізді.
Құрметті отандастар! Бүгін, 30 қазанда Эгей мен Мәрмәр жағалауында 6,6 балдық жер сілкінісі болды. Эпицентрі – Эгей теңізінің Сеферихисар маңы. Жер сілкінісі Эгей мен Мәрмәр жағалауының көптеген қаласында қатты сезілді. Байраклы және Измирдің Борнова аудандары да көп зардап шеккен, - делінген хабарламада. 
Жер сілкінісінен зардап шеккен қазақстандықтардан мына нөмірлерге хабарласуды жазған. 
Абылай Амандықов +905384409677
Асылбек Сыдықов +905367772827
Лаура Болатова +905396903114
Қазақстан Республикасының Измирдегі құрметті консулы Фатих Карадениз +905323833135
Азра Ахмедьянова +905347023135.

Фото: ашық дереккөз
Загрузка...