Түрксіб ауданында тағы 9 аулаға күрделі жөндеу жұмысы жасалды

17 Қазан 2020, 22:50
843
Бөлісу:
Түрксіб ауданында тағы 9 аулаға күрделі жөндеу жұмысы жасалды

Алматы, BAQ.KZ. Бұл туралы аталған ауданның әкімі Бақытжан Ажаров facebook-тегі парақшасында жазды. 

Оның жазуынша, ауданда "Жұмыспен қамту жол картасы"бағдарламасы аясында көп пәтерлі тұрғын үйлердің аула аумақтарын күрделі жөндеу жұмыстары жалғасуда.

Сейфуллин даңғылында орналасқан 9 мекен-жайы бойынша 190, 192, 196, 198, 184, 186, 188, 181/33 және Кассин көшесі 172 аулалар пайдалануға берілді. Әр ауланың жобасына балалар және спорт алаңдарының құрылысы, көшені жарықтандыру, асфальттау және басқа да бірқатар жұмыстар енгізілді, - деп жазды әкім. 

Сонымен қатар, ол аулаларды абатандыру кезінде тұрғындардың өз пікірін тыңдауға тырысқандарын жеткізді.

Кейбір аулаларда тұрғындар үшін киім-кешек ілетін алаңын ұйымдастыру маңызды болды,ал басқа аулалар қажеттіден қалған учаскелерді қысқарту есебінен балаларға арналған алаң аумағын ұлғайтуды сұрады. Тұрғындар тілектері  бойынша келісушілікке қол жеткізілген кезде, техникалық мүмкіндіктерді ескере отырып, ұсыныстар қабылданды, - дейді Ажаров.

Жалпы, осы жылы ауданды абаттандыруға көп көңіл бөлінген. Алға қойған жоспар бойынша жұмысты жалғастырып, жақын арада тағы да бірқатар объектілердің аяқталуы керек.


Өзгелердің жаңалығы