Тыйым салынған аудио жазбаны сақтаған азамат жауапқа тартылды

12 Тамыз 2020, 22:20
1602
Бөлісу:
Тыйым салынған аудио жазбаны сақтаған азамат жауапқа тартылды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Атырау облысының 25 жастағы А есімді тұрғынынан "әлеуметтік желіде тыйым салынған діни мазмұндағы аудиожазбаны сақтау" фактісін анықтады.

Бұл туралы Көліктегі полиция департаменті бастығының орынбасары полиция полковнигі Сарықұл Жоланов мәлімдеді.

Дінтану сараптамасының қорытындысы бойынша аудио жазбалардың Қазақстан Республикасының аумағында тыйым салынғаны анықталды. Атырау қаласының мамандырылған әкімшілік сотының шешімімен аталған азамат ҚР ӘҚБтК-нің 453-бабы 2-бөлігі бойынша әкімшілік жауапкершілікке тартылып, оған 20 АЕК мөлшерінде 55 560 теңге көлемінде әкімшілік айыппұл салынды, - дейді Сарықұл Жоланов.
Өзгелердің жаңалығы