ТЖМ-да 4 комитет құрылды

25 Қазан 2020, 14:33
1369
Бөлісу:
ТЖМ-да 4 комитет құрылды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. ҚР ТЖМ құрылымында 4 комитет құрылды. Бұл туралы Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулысында жарияланды.

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2020 жылғы 20 қазандағы № 680 қаулысына сәйкес ТЖМ-де  комитеттер құрылды.

     1) Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігінің Өртке қарсы қызмет комитеті;
      2) Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігінің Азаматтық қорғаныс және әскери бөлімдер комитеті құрылсын.

Сонымен қатар, құжатқа сәйкес Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің Мемлекеттік материалдық резервтер комитетінің атауы Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігінің Мемлекеттік материалдық резервтер комитеті болып өзгертіледі.

Сондай-ақ Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің Индустриялық даму және өнеркәсіптік қауіпсіздік комитеті Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігінің Өнеркәсіптік қауіпсіздік комитеті мен Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің Индустриялық даму комитетіне бөлу арқылы қайта ұйымдастырылады.

Ал Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің Төтенше жағдайлар комитеті таратылады.

Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі және Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі заңнамада белгіленген тәртіппен осы қаулыдан туындайтын өзге де шараларды қабылдасын, - делінген Үкімет қаулысында.

Өзгелердің жаңалығы