ТЖМ өртке қарсы қандай жұмыстар жүргізіп жатыр?

5 Мамыр 2021, 13:01
1587
Бөлісу:
ТЖМ өртке қарсы қандай жұмыстар жүргізіп жатыр?

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. ОКҚ-де өткен брифингте Өртке қарсы қызмет комитетінің төрағасы Нұрболат Дербісов өрттің алдын алу бойынша атқарылып жатқан жұмыстар жайында баяндады.

Оның айтуынша, ТЖМ сәуір айынан бастап ұлттық парктердің, табиғи қорықтардың, сондай-ақ балаларды сауықтыру лагерлерінің өртке қарсы жағдайы мен дайындығын тексеріп жатыр.

Шекара маңындағы ынтымақтастық шеңберінде Ресейдің шектес өңірлерінің ТЖМ бөлімшелерімен бірлесіп, 9 тактикалық оқу-жаттығу жоспарланды, онда негізгі тактикалық тәсілмен қатар трансшекаралық өрттерді жою кезінде өрт-құтқару қызметтерінің мемлекеттік шекарадан жеңіл өту тәртібі пысықталады. Атап айтқанда, шекаралас жатқан өңірлерде болуы мүмкін өрттерді немесе Ресей Федерациясындағы өрттерді сөндіруге арналған оқу-жаттығу, дайындық жұмыстары жүргізіледі, - деп Дербісов түсіндірді.

Елдің орманды дала алқаптарында профилактика шараларын жүргізу үшін ТЖМ-мен Мемлекеттік өрт бақылау, Орман шаруашылығы мекемелері және жергілікті полиция қызметі қызметкерлерінен тұратын мобильді топтар құрылды.

Құрылған топтар 805 рейд жүргізіп, 286 азаматты жауапкершілікке тартты.

Елді мекендерді қорғау мақсатында ТЖМ-нің аумақтық бөлімшелерімен олардың өрт қауіпті кезеңге дайындығын тексеру, аумақтарды құрғақ өсімдіктерден тазарту, минералдандырылған жолақтар салу, мемлекеттік өртке қарсы қызметі жоқ елді мекендерде өртке қарсы ерікті құралымдардың және өрт сөндіру бекеттерінің бар-жоғын тексеру үшін бірлескен комиссиялар құрылды. Шамамен 4 мың шақырым минералдандырылған жолақтар құрылылып, 1 362 елді мекен құрғақ өсімдіктерден тазартылды, - деді ол.

Сонымен бірге еліміздің орман-дала алқаптарында өрт қауіпсіздігі талаптарын сақтау бойынша БАҚ-та белсенді түрде үгіт-насихат жұмыстары жүргізіліп жатыр.



Өзгелердің жаңалығы