Қуғын-сүргін құрбандарын еске алу күніне орай халықаралық online-конференция өтеді

28 Мамыр 2020, 19:58
1829
Бөлісу:
Қуғын-сүргін құрбандарын еске алу күніне орай халықаралық online-конференция өтеді

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. 29 мамырда сағат 10.00-де Нұр-Сұлтан қаласындағы Достық үйінде Қазақстан халқы Ассамблеясының Саяси қуғын-сүргін және ашаршылық құрбандарын еске алу күніне орай "Тарихтан тағылым – өткенге тағзым" жыл сайынғы халықаралық жобасы шеңберінде "Қазақстан: тарихи тағылым саясаты" атты халықаралық online-конференциясы өтеді.

 Оnline-конференция жұмысына Қазақстан халқы Ассамблеясы төрағасының орынбасары Ж.Қ. Түймебаев, Қазақстан Республикасы Президентінің Әкімшілігі басшысының бірінші орынбасары Д.А. Абаев, Этносаралық қатынастарды дамыту комитетінің төрағасы Б.Б. Мажағұлов, Еуразия халықтары ассамблеясы бас хатшылығының басшысы С.К. Смирнова, шетелдік және қазақстандық сарапшылар мен ғалымдар, ҚХА Ғылыми-сарапшылық кеңесінің және ҚХА мүшелері, мемлекеттік органдар мен этномәдени бірлестіктердің өкілдері қатысады.
 
Online-конференция аясында пленарлық сессия және "Депортация. Репрессия. Тағылым", "Ашаршылық. Соғыс. Тәлім" тақырыптары бойынша панельдік сессиялар ұйымдастырылады.
 
Online-конференция аясында қатысушыларға ҚР Президенті мұрағатының тарихи-құжаттық көрмесі, КарЛАГ және АЛЖИР музей-мемориалдық кешендерінің материалдары бойынша таныстырылымдар ұсынылады. 
Өзгелердің жаңалығы