Қуат Хамитовтың бүгінгі жекпе-жегі тікелей эфирден көрсетіледі

25 Қыркүйек 2020, 23:00
4280
Бөлісу:
Қуат Хамитовтың бүгінгі жекпе-жегі тікелей эфирден көрсетіледі

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. 25 қыркүйекте Мәскеуде Fight Nights Global 98 турнирі өтеді, деп жазады Prosports.kz.

Кеш аясында екі титулды жекпе-жек өтеді. Сондай-ақ қазақстандық файтер Қуат Хамитов кезекті кездесуін өткізеді.

Кештің басты жекпе-жегінде жартылай орта салмақтағы Fight Nights Global чемпиондық белбеуін мәскеулік Дмитрий Бикрев пен дағыстандық Шамиль Амиров сарапқа салады.

Негізгі жекпе-жекте әзербайжандық Нариман Аббасов кек алу үшін Михаил Гогитидзге қарсы реванш өткізеді. Бұл кездесуде Аббасов 70,3 келіге дейінгі салмақта FNG чемпионы атағын қорғайды.

Осы екі титулды жекпе-жектің алдында қазақстандық Қуат Хамитов ресейлік Ахмад-Хан Боковпен жұдырықтасады. 

Сондай-ақ, Қазақстанның тағы екі өкілі - Акбар Таиров пен Арман Сапаров та Ресей астанасында  октагонға шығады деп жоспарланған.

Негізгі кард аясындағы жекпе-жетерді «Хабар» телеарнасында тікелей эфирде көрсетеді. Трансляция Нұр-Сұлтан уақытымен 23:00-де басталады.

Өзгелердің жаңалығы