ҰБТ. 2020 жылы ең көп балл жинаған түлектерге сыйлық беріледі

25 Қазан 2020, 14:12
2665
Бөлісу:
ҰБТ. 2020 жылы ең көп балл жинаған түлектерге сыйлық беріледі

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Бұл туралы Ұлттық тестілеу орталығының басшысы Дидар Смағұлов өзінің Facebook парақшасында жазды.

Адал болу тиімді! Достар, ҰБТ 2020 қорытындысы бойынша 140 балл жинаған балаларға ноутбук сыйға береміз деп уәде еткеніміз есіңізде болар! Өкінішке орай, біз ондай нәтижеге жете алмадық... Бірақ, біз лайықты балаларға осындай пайдалы сыйлықты тарту рахатын жіберіп алғымыз келмеді, - деп жазды ол.

Смағұловтың айтуынша, ҰТО ғылыми-техникалық кеңесінің шешімімен 139 және 138 балл жинаған 2020 жылғы түлектерге сыйлық таратылады.

Барлығы 6 бала болды, дегенмен біреуінің нәтижелері бейнежазбаларды қарағаннан кейін жойылды. Сонымен, 5 супер күшті, заманауи ноутбуктар Ақтауға, Шымкентке және Түркістан облысына жіберілетін болады, - деді ол.

Орталық басшысы әдейілеп ойынға арналған модельдерін алғанын жазды.

Өйткені олардың сипаттамалары өте мықты (сөзге тиек болсын, оларды бір айдай күттік) және балалар оқудан бос уақыттарында олардың мүмкіндіктерін соңғы нұсқадағы ойындар мен бейнередакторларда жұмыс істей отыра бағалай алады, - деп атап өтті Дидар Смағұлов.

Ол балалардың тест тапсыру бейнежазбалары толықтай «микроскоп арқылы» тексерілді және ең жоғарғы нәтижелерге, халқы көп шоғырланған, ҰБТ-ға қатысушылар саны ең көп аймақта қол жеткізілгенін айтты.

Сондай-ақ ҰТО басшысы сыйлыққа ие болған бақытты жандарды құттықтап, оқуда сәттілік тіледі.

Өзгелердің жаңалығы