Учаскелік полиция инспекторы күнін белгілеген жөн - Нұрлан Биекенов

29 Қазан 2020, 15:15
3166
Бөлісу:
Учаскелік полиция инспекторы күнін белгілеген жөн - Нұрлан Биекенов

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Жуырда ҚР ІІМ Шырақбек Қабылбаев атындағы Қостанай академиясында Мемлекет басшысының «Жаңа жағдайдағы Қазақстан: іс –қимыл кезеңі» атты Қазақстан халқына Жолдауы аясында «Учаскелік полиция инспекторларының қызметін жетілдіру» жөнінде халықаралық дөңгелек үстел өткізілді. Іс-шараға Ресей Федерациясы ІІМ Барнаул және Сібір заң институттарының, Беларусь Республикасы ІІМ Академиясының, Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасы жанындағы Құқық қорғау органдары Академиясының, сондай-ақ, Қостанай облыстық Полиция департаменті Жергілікті полиция қызметінің өкілдері қатысты.

Осы орайда Қостанай академиясының бастығы, полиция полковнигі Нұрлан Биекеновті тәртіп сақшыларының, соның ішінде Жергілікті полиция қызметі мен учаскелік полиция инспекторының мәртебесі және басқа да сауалдар бойынша әңгімеге тартқан едік.

Дөңгелек үстел барысында «Полиция қадамдық қолжетімділікте» қағидатын ескере отырып, учаскелік полиция инспекторларының қызметін ұйымдастыру ерекшеліктеріне, юрисдикциялық өкілеттіктерді кеңейтуге, олардың қызметін бағалау өлшемшарттарын жетілдіруге және оны одан әрі цифрландыруға, сондай-ақ, оларды жинақтау мен кәсіби даярлауға қатысты мәселелерді талқылау бөлігінде өткізілген ғылыми семинар пікірталасы жалғасты. Бұнымен қоса осы саладағы шетелдік оң тәжірибе талқыланды. Дөңгелек үстелдің ұйымдастырылуына биыл 16 қыркүйекте академия қабырғасында өткізілген семинар ұйтқы болды, – деді Нұрлан Амангелдіұлы.

Сондай-ақ ол халық үніне құлақ асатын мемлекет қағидатын жүзеге асыра отырып, тәжірибелі мамандардың, ардагерлер мен қоғамның сараптамалық пікірін ескеріп, бастамаларды орындау және толықтыру сатысында кері байланыс алу үшін Мемлекет басшысының тапсырмасын орындау бойынша бірқатар ұсынысты талқылауға ұсынғандарын айтты.

– Біріншісі – «Е-полиция» және полиция қызметінің басымдықтарын айқындауға азаматтардың тікелей қатысуы. Базалық мақсат – полицияны азаматтарға жақындату тек ЖПҚ және учаскелік полиция инспекторларына ғана емес, ішкі істер органдары жүйесінің барлығына да қатысты. Осыған байланысты мобильді қосымшалар арқылы банктік қызмет пен «Қазақтелекомды» дамыту тәжірибесін қабылдау орынды болып көрінеді. Өкінішке қарай, еліміздің полиция құрылымдарының бытыраңқы жұмыс істейтін сайттары «ҚР Электрондық үкіметі» жобасы шеңберінде «Е-полиция» шартты атауымен бірыңғай жүйеге біріктірілмеген. Қызметтер ұсынуға бағытталған офистік және мобильді нұсқаларын әзірлей отырып, оны құру халықтың сұранысына ие, – деді Қостанай академиясының бастығы.

Нұрлан Амангелдіұлының айтуынша, кез келген адамға ІІО қызметіне қатысты барлық мәселе бойынша ақпарат қолжетімді болады. Кез келген пайдаланушы жақын маңдағы полиция бөлімшесінің қайда екенін оңай анықтай алады, оның жұмыс кестесін, фотосуретімен қоса, УПИ туралы деректерді көре алады.

– Мәселен, тұтынушы автокөлік сатып алмас бұрын оның айдап әкетілуін немесе ЖКО-ға ұшырауын мәліметтер базасы бойынша анықтай алатын болады. Гувернанттар, күтушілер, күтім бойынша бикелер және т.б. жалданатын азаматтардың соттылығы туралы ұсынылатын ақпараттардың көлеміне қатысты осындай қолжетімділікті ойластырған жөн. Жоғалған құжаттар, ұрланған мәдени құндылықтар, хабар-ошарсыз кеткен туыстар, полицияның іздестіруіндегі адамдар туралы деректер базасы жалпыға ашық қолжетімділікте жұмыс істеуі тиіс. Әртүрлі себептермен жақындарынан көз жазып қалған азаматтарға меншік және т.б. ұрлығының алдын алу бойынша консультациялық қызметтерді дамыту талап етіледі, ал оқиға криминалдық емес сипатта болған жағдайда мұндай байланыстар тетігін оңайлату мүмкін болады. «Е-полиция» бірыңғай жүйесіне айыппұлдарды төлеу, құқық бұзушылық туралы хабарламалар мен өтініштер беру бойынша жақсы жағынан танылған онлайн қызметтерді кері байланыс функционалымен қосымша интеграциялау ІІО-ны халыққа нақты жақындата түседі. Жақын маңдағы полиция бөлімдері (пункттері) туралы ақпаратты автобус аялдамаларында орналастыру тәжірибесі жедел әсер береді, оны көлік қозғалысы маршрутының схемаларында қоса беруге болады, – деді полиция полковнигі.

Қостанай академиясы бастығының сөзіне қарағанда, сервистік полиция тұжырымдамасының философиясын дамыту шеңберінде оның қызметінің басымдықтарын айқындауға және нәтижелілік көрсеткіштерін әзірлеуге, оның ішінде қызметкерлердің іс-әрекеттеріне қанағаттануына сұрау салу арқылы азаматтардың тікелей қатысуына кезең-кезеңімен көшу қает. Мысалы, УПИ жұмыс кестесін көптеген тұрғынның пікірін ескере отырып белгілеу және т.б.

– Басында ең өткір проблемаларды, оның ішінде «Жолда қабылдау» акциясын УПИ қызмет көрсететін учаскелерінде ұйымдастырумен түзету арқылы зерделеу, содан кейін полиция офицерлерінің азаматтармен жеке қарым-қатынасы болып табылатын тұрақты форумдар жүйесіне көшу қажет, бұл «халық үніне құлақ асу» идеясын іске асыруға ықпал етеді. Күн тәртібін осындай форумдардың қатысушылары болып табылатын азаматтар белгілейді. Форумдар – полиция мен азаматтар арасындағы қарым-қатынасты жақсарту, сондай-ақ, полиция жұмысының ерекшеліктерін жақсы түсінуді қамтамасыз ету үшін мінсіз алаң. Бұл шетелдік полицияның тәжірибесі бойынша «азаматтарға кеңес беру бағдарламаларын үйлестіруші» (Community Consultation Planner) лауазымын енгізуді талап етуі мүмкін, оның міндеттеріне консультацияларды жоспарлау (оларды өткізу орны мен уақыты және т.б.) кіреді, – деді ол.

Қостанай академиясы бастығы екінші ұсыныс учаскелік полиция инспекторы жұмысының «философиясын» қайта қарау екенін айтты.

– Учаскенің бүкіл халқын 100% мониторингілеу қағидатынан бас тарту ұсынылады, өйткені, біріншіден, бұл объективті түрде нақты емес, екіншіден, тиімді емес, өйткені халықтың үштен бір бөлігі ғана құқыққа қарсы іс-әрекеттер жасауға бейім. УПИ күші профилактиканы қажет ететін адамдармен жұмысқа бағытталуы керек. Әкімшілік полицияның заңнамалық бекітілуін және оның қызметін ұйымдастыру ерекшеліктерін (Қалалық полиция бастықтарының қызмет жөніндегі орынбасарларына бағынуын) ескере отырып, әкімшілік полицияның ЖПҚ иерархиялық бағыну мәселесін қарау және олардың функцияларын ӘПО бастықтары мен олардың орынбасарларына бере отырып, ЖПҚ бастықтары мен олардың орынбасарлары лауазымдарын қысқарту ұсынылады, – деді Нұрлан Биекенов.

Сонымен қатар полиция полковнигі ЖПҚ бастығының мәртебесін арттыру жолдарының бірі – оның лауазымының атауын «Облыстың (қаланың, ауданның) бас учаскелік полиция инспекторы» деп өзгерту болуы мүмкін екенін атап көрсетті.

– Отбасылық-тұрмыстық қатынастар саласындағы ЖПҚ профилактикалық функцияларын күшейту мақсатында ӘЗҚБ мен КТІЖ УПИ (әйелдерді зорлық-зомбылықтан қорғау бойынша бөлімшесі мен кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі учаскелік полиция инспекторы) қызметіне біріктіру туралы мәселені пысықтауды ұсынамыз. УПИ жұмысбастылардың бірі екенін, көмекшінің болуын ескере отырып, 1 қызметкерге келесі жүктеме нормативін ұсынамыз: - қалалық жерлерде 3000 тұрғыннан артық емес; - УПП жұмысына жауапты 1 УПИ-ға 1000 тұрғыннан артық емес; - 2 мыңнан астам қызметкер жұмыс істейтін немесе тәулігіне 10 000-нан астам жолаушы өтетін көлік объектісіне іргелес аумаққа қызмет көрсететін 1 УПИ-ға 1000 тұрғыннан артық емес; - үлкен ауылдық елді мекендерге қызмет көрсететін 1 УПИ-ға 2000-нан артық емес тұрғын немесе қол жеткізу қиын аумақтар болған кезде УПИ-ға 1000-нан артық емес тұрғын, – деді ол.

Сонымен қатар Қостанай академиясының бастығы саяжай тұрғындарының немесе демалушылардың (аңшылар/балықшылар) келуіне байланысты маусымдық түрде халық 2 және одан да көп өсетін аумақта УПИ-ға қосымша көмекші бөлуді, 5 және одан да көп есе өсетін аумақта 2 қосымша көмекші бөлуді қарастыру қажет деген пікірде.

Бұл ретте жүктеменің ұсынылатын нормалары криминогендік жағдайға, учаскенің цифрландырылу және жергілікті бюджет мүмкіндігіне қарай жергілікті атқару органдарымен өзгертілуі қажет.

– Үшінші – юрисдикциялық өкілеттіктерді кеңейту, – деді полиция полковнигі. – Мемлекет басшысы қойған міндет шеңберінде құқық бұзушылардың полиция бөлімдері мен соттарға бірнеше рет жеткізілуін болдырмау мақсатында әкімшілік жаза қолдану жөніндегі (әсіресе, ауылдық жерлерде) УПИ-дың әкімшілік-юрисдикциялық өкілеттіктерін кеңейтуді ұсынамыз. Жауапкершілікті саралау және профилактикалық құрамдас бөлікті күшейту мақсатында әкімшілік айыппұлды шартты түрде салу институтын енгізуді қараған орынды. УПИ-дің әкімшілік құқық бұзушылық туралы істерді қарау және кәмелетке толмағандардың құқықтары (ӘҚБК-нің 132-бабы), кәсіпкерлік қызмет (ӘҚБК-нің 190-204.1-баптары), қоршаған ортаны қорғау, табиғи ресурстарды пайдалану (359-бабының 1-бөлігі, 395-бабының 1-бөлігі, 396-бабы) саласында, сондай-ақ, қоғамдық қауіпсіздікке және халықтың денсаулығына қол сұғатын (420, 421, 422, 432, 433-баптары), қоғамдық тәртіп пен имандылыққа қол сұғатын (434-1-бабының 1-бөлігі, 437-бабының 2-бөлігі, 438-бабы, 441-1-бабының 1-бөлігі, 450-бабы); басқарудың белгіленген тәртібіне қол сұғатын (458-бабы, 464-бабы, 469-бабы, 470-бабының 1-бөлігі, 480-бабы, 484-бабы, 485-бабы, 485-1-бабы, 486-бабы, 487-бабының 1-бөлігі, 489-бабының 1,2,10-бөліктері, 495-бабының 1-бөлігі, 496-бабының 1-бөлігі, 505-бабының 2-бөлігі), Қазақстан Республикасының мемлекеттік шекарасы режимінің белгіленген тәртібіне және Қазақстан Республикасының аумағында болу тәртібіне қол сұғатын (510-бабының 1,2,3,5-бөліктері, 512-бабының 1-бөлігі, 513-бабының 1-бөлігі, 514-бабы, 515-бабының 1-бөлігі, 517-бабы, 518-бабының 3-бөлігі, 519-бабының 1,3,5,6-бөліктері), жол жүрісі қауіпсіздігіне қол сұғатын және көлік саласындағы құқық бұзушылықтар (559-бабы, 560-бабы, 562-бабының 1,2,4,5-бөліктері, 564-бабы, 566-бабының 4-бөлігі, 571-бабы, 573-бабының 3-бөлігі, 590-бабы, 591-бабы, 592-бабы, 594-бабы, 595-бабының 3,8,10-бөліктері, 596-бабы, 597-бабы, 598-бабы, 599-бабы, 600-бабы, 601-бабы, 602-бабының 4,5-бөліктері, 603-бабының 3-бөлігі, 612-бабының 4,5,6-бөліктері, 613-бабы, 614-бабының 1,3-1,13-бөліктері, 615-бабы, 617-бабы, 619-бабы, 619-1-бабының 3-бөлігі, 621-бабы, 625-бабы, 626-бабының 2-бөлігі, 630-бабы, 631-бабы, 632-бабының 2-бөлігі, 635-бабының 1,2-бөліктері) үшін әкімшілік жазалар қолдану жөніндегі юрисдикциялық өкілеттіктерін кеңейту, – деп атап көрсетті Нұрлан Биекенов.

Оның айтуынша, УПИ-ға ҚК-нің 140 (к/т тәрбиелеу жөніндегі міндеттерді орындамау) және 187-баптарында (ұсақ-түйек жымқыру) көзделген қылмыстық теріс қылықтарды сотқа дейінгі тергеп-тексеру бойынша өкілеттіктер беру туралы мәселені қарау ұсынылады. Бұл ретте көрсетілген теріс қылықтарды олардың қоғамдық қауіптілігінің шамалы дәрежесін негізге ала отырып, тергеп-тексеру процесін оңайлату мәселесін пысықтау қажет.

– Төртіншісі – әкімшілік іс жүргізуге қатысушылардың іс жүргізу кепілдіктерін нығайту. Кейіннен айыппұл тағайындаған сот істі қарағанға дейін, әкімшілік ұстауды қолданған қызметкерлердің іс-әрекеттеріне шағымдарды болдырмау үшін әкімшілік ұстаудың 12 сағатын 1 АЕК (айлықтық есептік көрсеткіш) айыппұлға теңестіру ұсынылады (ӘҚБК-нің 50-бабының 3-бөлігіне сәйкес 24 сағатқа дейін арнайы үй-жайға қамау). ӘҚБК-нің 796-бабында көзделген дербес қамтамасыз ету шараларына бөлу: - КҚ немесе шағын көлемді кемені басқарудан шеттету; - алкогольдік, есірткілік, уытқұмарлық масаң күйін куәландыру. Қарастырылып отырған қамтамасыз ету шарасы қолдануда кейбір қиындықтарға ие. Ол екі заңды фактіден тұрады, бірақ «және» көмекші сөзінің болуына байланысты оларды бөлек пайдалану мүмкін емес. Сонымен қатар КҚ-ны немесе ШК-ні басқарудан шеттету басқа негіздер бойынша мүмкін (жүргізушінің өзін жайсыз сезінуі, еңбек және демалыс режимінің бұзылуы және т.б.), ал масаң болуды анықтау үшін куәландыру жүргізуге болады. Ұсынылған бөлу азаматтарды жауапкершілікке тартуға байланысты мәселелерді жедел шешуге мүмкіндік береді, оларды медициналық ұйымдарға жеткізу қажеттілігін жояды. Бұл ретте алкотестермен немесе экспресс тесттермен куәландыруды қызметкерлерге фото және бейнетіркеуді пайдалана отырып, екі куәгердің қатысуымен жүргізу ұсынылады, – деді Нұрлан Амангелдіұлы.

Оның сөзінше, азаматтар медициналық куәландырудан өтіп, наркологиялық диспансерлерге шағымдану құқығына ие болады. Ұсынылған шараны техникалық іске асыру үшін қызметке кірісетін қызметкерлерді арнайы тестерлермен қамтамасыз ету қажет.

– Нақты өлшемдері қолданыстағы заңнамада белгіленбеген әкімшілік құқық бұзушылықтың маңызы шамалығы институты теориялық пысықтауды талап етеді. Бұл механизмді енгізудің бұрын пайда болған перспективасы әкімшілік процесті шамадан тыс жазалаудан және алдын алу компонентін күшейтуден арылуды көздеді. Алайда құқықтық реттеудің және қалыптасқан практиканың жетілдірілмеуі осы негіз бойынша әкімшілік жауаптылықтан босату рәсімінің құқық қолданушы жағынан да, жұртшылық тарапынан да талап етілмеуіне әкеп соқты, – дейді Қостанай академиясының бастығы.

Полиция полковнигі жасалған құқық бұзушылықты қандай да бір құжаттаусыз және оның ведомстволық есепке алуынсыз лауазымды адамның ауызша ескертуді қолдануға заңды құқығына байланысты сыбайлас жемқорлық құрамдас бөлігі орын алатынын айтады.

– ӘҚБК-нің 64-1 және 742-баптарының ережелерін сирек қолдану, сондай-ақ, қызметкерлердің құқық бұзушылыққа тиісінше ден қоймағаны және «мүлдем төзбеушілік» қағидатын елемегені үшін жауапкершілікке тарту түріндегі ықтимал теріс салдарлар туралы қауіптенуіне байланысты. Ұсынылғанды іске асыру азаматтар тарапынан полицияның сенімін нығайтуға ықпал ететін болады және қызметкерлерді алдын алуға ынталандырады. «Әкімшілік ұсталған адамның бостандығын нақты шектеу» ұғымын кодификацияланған заңнама деңгейінде нақтылау қажет. Қазіргі уақытта ӘҚБК-нің 789-бабы 1-бөлігінің және Жоғарғы Соттың 2012 жылғы 09 сәуірдегі № 1 Нормативтік қаулысының 3-тармағының ережелері бір-біріне қайшы келеді, бір жағдайда ұсталған адамның жеке басының бостандығы іс жүзінде шектелген кезден бастап, ал екіншіден, арнайы үй-жайға қамалған кезден бастап оның мәртебесі көзделеді, – дейді ол.

Нұрлан Биекеновтің айтуынша, іс қозғалғанға дейін оны жүргізуді қамтамасыз ету шараларын қолдану мүмкіндігі мәселе туғызады (ӘҚБК-нің 785-бабының 3-бөлігі). Бұл норма ӘҚБК-нің 802-бабының 4-бөлігіне қайшы келеді, онда қамтамасыз ету шараларын қолдану туралы хаттама жасалған сәттен бастап әкімшілік құқық бұзушылық туралы іс қозғалған болып саналады. Тиісінше, іс қозғалғанға дейін қамтамасыз ету шарасын қолдану мүмкін емес.

– Қорғаушының іске қатысуына рұқсат етудің құқықтық негізі жетілдіруді талап етеді. Атап айтқанда, ӘҚБК-нің 748-бабының 3-бөлігінде қорғаушы іс қозғалған сәттен бастап іске қатысуға жіберіледі деп бекітілген. Қамтамасыз ету шарасын қолдану туралы хаттама жасау іс қозғалған сәт болып табылуы мүмкін екенін ескере отырып, құқық бұзушының көрсетілген шараны қолдану кезінде қорғаушы шақыруды талап етуге заңды құқығы бар. Алайда іс жүзінде мұндай тәртіп объективті себептермен, оның ішінде, қорғаушыны қатыстырудың нақты мүмкіндігінің болмауымен күрделенеді. Әкімшілік іс жүргізудегі органның (лауазымды адамның) құқықтық мәртебесін нығайту үшін ӘҚБК-нің 38-тарауына оның процестік құқықтарының тізбесін, оның ішінде апелляциялық шағым жасау құқығын (қазіргі уақытта регламенттелмеген) көздейтін тиісті норманы енгізу талап етіледі, – дейді ол.

Полиция полковнигі бесінші мәселе, ол бағалау өлшемшарттарын қайта қарау екенін алға тартты.

– Басты өлшемшарт халықтың УПИ қызметі туралы пікірі болкы тиіс, оның анықтау механизмі жан-жақты зерттеуді қажет етеді. УПИ-дың сандық көрсеткіштерін кәсіби әлеуетті анықтауға, бірақ факультативті көрсеткіш ретінде бағыттау керек. Алдын алу жұмысының сапасын жасалған құқық бұзушылықтардың аз санымен айқындаған жөн. Яғни, әкімшілік учаскеде құқық бұзушылық неғұрлым аз болса (жасалған хаттамалар саны), құқық бұзушылықтың алдын алу жөніндегі жұмыстың жағдайы соғұрлым жақсы болады. Учаскелік полиция инспекторларының қызметі әрбір УПИ, оның көмекшісінің, сондай-ақ, УПП жұмысына жауапты УПИ қызметін қатар бағалай отырып, тұтастай алғанда, бөлімше жұмысының көрсеткіштері бойынша бағалануы тиіс. Бұл ретте бөлімшенің қызметін бағалау міндетті түрде жеке құрамды бекіту өлшемін қамтуы қажет, яғни УПИ арасында учаскелік қызмет өтілі 3 жылдан астам, 6 жылдан астам, 10 жылдан астам қызметкерлердің болуы, – дейді ол.

Сондай-ақ Қостанай академиясының бастығы өз сөзінде УПИ қызметін объективті бағалаудың, халықтың олардың қызметіне деген сенімін қалыптастыратын негізгі өлшемшарттарды атап өтті.

– Отбасы-тұрмыстық қатынастар саласындағы құқық бұзушылықтардың алдын алу; - өзге де құқық бұзушылықтардың алдын алу және профилактикасы; - УПИ әкімшілік-процессуалдық қызметі; - азаматтарды қоғамдық тәртіпті сақтауға тарту; - УПИ жұмысына шағымдардың, пікірлердің саны болуы тиіс, – деді полиция полковнигі.

Оның айтуына қарағанда, алтыншы мәселе, бұл – цифрландыру. УПИ-дың автоматтандырылған жұмыс орнын немесе электрондық кабинетін құру ұсынылады. Оның міндеті – уақыт шығындарын азайту, өтініш берушілермен, жалпы халықпен өзара іс-қимыл процесін оңтайландыру.

– Электрондық кабинет мынаны қамтуы тиіс: жеке және байланыс деректері, қабылдау күндері мен уақыты; әкімшілік учаскедегі криминогендік жағдайдың жай-күйі; учаскелік инспекторға арналған стандартты құжаттардың үлгілік кітапханасы бар электрондық құжат айналымы (өтініш үлгілері, учаскелік инспектордың қызметіне қатысты белгілі бір әкімшілік рәсімдерді түсіндіру, әртүрлі экстремалды және қауіпті жағдайлардағы іс-қимыл алгоритмі, жұмыс жоспары және т.б.); ҚАО ААЖ-дан, сондай-ақ, қызмет көрсетілетін учаскедегі бейнекамераның видеоларына қолжетімділік; қабылдауға дайын учаскелік инспекторға келуге немесе өзіне қажетті барлық ақпаратты онлайн режимде білуге болатын азаматтарға арналған электрондық қабылдау бөлмесі; тұрғындарға арналған жедел ақпарат, мысалы, не болып жатқанын, кім іздеп жүргенін; (веб-бет) жасырын хабарламалар үшін, мысалы, ауыр қылмыстарды тергеуге қатысты ақпарат; отбасындағы зорлық-зомбылық; төзімсіздік көрінісі; әкімшілік учаске аумағындағы қару-жарақ, есірткі құралдарының айналымы; мәселемен бөлісу және т.б. Қызмет көрсету учаскесінде тұратын азаматтардың ауыл, кент проблемалары туралы өз ойларымен бөлісуге, тұтастай алғанда, көрсетілген проблемаларды жоюдың ықтимал жолдарына қатысты өз ұсыныстарын айтуға мүмкіндігі болуы тиіс, .– дейді Нұрлан Амангелдіұлы

Оның пайымдауынша, ең дұрысы – «Профилактикалық бақылау» АЖ әзірлеген жөн, ол автоматты түрде ҚАО ААЖ-ға біріктірілген қолданыстағы АЖ-да бақыланатын адамдардың іс-әрекеттеріне, сондай-ақ, басқа да сыртқы қызметтерге мониторинг жүргізеді. Сонымен қатар ұсынылатын АЖ қадағалаудағы контингентті өз бетінше тіркеу арқылы байланыссыз бақылау проблемасын шешеді. Көрсетілген АЖ, сондай-ақ, офистік және планшеттік нұсқаларда әзірленуі қажет УПИ электрондық кабинетімен интеграциялануы тиіс.

– Жетінші ұсыныс – кадр саясаты, – деді ол. – Білім беру ұйымдарының, түрлі еңбек ұжымдары мен азаматтар жиындарының ұсынымдарын ескере отырып, УПИ қызметін жергілікті кадрлармен жасақтау мәселесін қарауды ұсынамыз. Бұл ретте Қазақстанда жинақы тұратын диаспоралардың ұлттық өкілдігін міндетті түрде ескерген жөн. Ұсынылған ақпарат тұрғындармен тығыз байланысын қамтамасыз етуге, халықтың сенім деңгейін арттыруға, сондай-ақ қызметтік іс-әрекетті жүзеге асыру барысында қажетті ақпаратты жедел алуға мүмкіндік береді. Лайықты кандидатта жоғары заң білімінің болмауы ведомстволық жоғары оқу орындарының базасында шешілуі мүмкін.

Сол секілді полиция полковнигі жас қызметкерлерді УПИ лауазымына, оның көмекшісі болып екі жыл жұмыс істегеннен кейін ғана тағайындауды ұсынады.

– Жеке тұлғалар қатарынан, оның ішінде педагогикалық немесе өзге де салада үлкен тәжірибесі бар УПИ көмекшілерінің бір бөлігін жасақтаудың шетелдік тәжірибесі пысықтауды талап етеді. Тиісінше УПИ-ды кәсіптік даярлау жүйесі де қайта қаралатын болады. Ұсынылған жасақтау моделінің аясында қолданбалы психологияның арнайы курсын оқу процесіне енгізу өзекті болып отыр. УПИ мен халық арасында туындайтын жанжалды жағдайларды зерттеу, олардың едәуір бөлігі қызметкерлердің халықпен қарым-қатынас орната алмауынан, азаматтармен тіл табыспау жағдайы туындайтынын көрсетті. Сондықтан блогерлер, құқық қорғаушылар, қоғамдық кеңестер мен КӘЖ мүшелері өткізетін тұрақты сабақтар қажет. Бұл олардың халықпен байланысын нығайтуға, өз учаскесінің тұрғындары туралы хабардар болуын арттыруға мүмкіндік береді, – дейді Нұрлан Амангелдіұлы.

Сондай-ақ ол УПИ беделін көтеру аясында Учаскелік полиция инспекторы күнін қарастыруды ұсынады. 

Өзгелердің жаңалығы