UFC 251 турнирін "Qazsport" арнасы тікелей трансляция жасайды

11 Шілде 2020, 19:52
1777
Бөлісу:
UFC 251 турнирін "Qazsport" арнасы тікелей трансляция жасайды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. 12 шілде күні таңертең қазақстандық файтер Жалғас Жұмағұлов (13-3) UFC-дегі өзінің алғашқы жекпе-жегін өткізеді, деп хабарлайды Prosports.kz.

Оның ең ірі ММА жарнамасындағы алғашқы қарсыласы бразилиялық Раулиан Пайва (19-3) болады. Абу-Дабидегі (БАӘ) турнирдің тікелей эфирі Нұр-Сұлтан уақыты бойынша таңертең сағат 03:55-те басталады. Қазақстандық жанкүйерлер үшіні маңызды турнирдің трансляциясын "Qazsport" арнасы арқылы көруге болады.

Айта кетейік, турнирге қатысатын спортшылар кеше салмақ өлшеу рәсімінен өтті. Оның нәтижесі бойынша Пайваның салмағы тиісті көрсеткіштен асып кетті. Қалыптасқан тәртіп бойынша бразилиялық спортшы өзінің сыйақысының 20 пайызын Жалғас Жұмағұловқа беруге мәжбүр болады. 

Өзгелердің жаңалығы