Бас жаңалықтар
Елімізде UFC жекпе-жектері тікелей эфирде көрсетіледі
17 Қаңтар 2020, 13:36 298

Елімізде UFC жекпе-жектері тікелей эфирде көрсетіледі

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Орталық коммуникациялар қызметінің ақпараттық алаңында елімізде "UFC TV" спорттық арнасыны көрсетіле бастайтынына арналған баспасөз конференциясы өтті.

Бәріміз білетіндей, Қазақстанда аралас жекпе-жек, бокс сияқты спорт түрлері керемет дамыған. Жанкүйерлер жетерлік, мықты спортшылар баршылық. Сондықтан UFC сіздің елге ерекше көзқарас танытып отыр. Ерекше айтып өтетіні, аралас жекпе-жек Қазақстанда спорт жағынан ғана емес, медиа тұрғысынан да жақсы көрсеткіштерге ие. Сондықтан ол осы аймақтағы басқа елдерге үлгі. Біздің ұйымда қазақстандық спортшылар саны көп болатына сенемін, - деді UFC-дің ТМД және Ресей бойынша басшысы Андрей Громковский. 

Қазақстандық "TV COM" операторы "UFC ТВ" телеарнасының еліміз бойынша алғашқы және эксклюзивті серіктесі атанды. 

Біз UFC-ге арналған жеке телеарна бар екенін естіген кезде, бірден әріптестік орнатуды ойластырдық. Себебі елімізде аралас жекпе-жекке деген қызығушылықты жақсы білеміз. Енді біздің абоненттер және Otau TV желісінің 1,3 миллионға жуық көрермені 24 сағат бойы UFC-ге байланысты барлық контентті тамашалай алады, - деді TV COM директоры Талғат Шакенов. 

Айта кетейік, "TV COM" мен мемлекеттік "QAZSPORT" телеарнасы серіктестік келісімге қол қойған. Енді қазақстандық ММА жанкүйерлері UFC жекпе-жектерін тікелей эфирде тамашалай алады. Алғашқы тікелей эфир 19 қаңтар күні UFC-246 аясында өтетін Коннор МакГрегор мен Дональд Серроне арасындағы жекпе-жекке арналған.


Фото: ашық дереккөз
Загрузка...