Бас жаңалықтар
Украинада 19 елді мекен су астында қалды
30 Маусым 2020, 14:59 67

Украинада 19 елді мекен су астында қалды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Өңірде су тасқыны салдарынан 19 елді мекен су астында қалып отыр. 30 маусымдағы жағдай бойынша, Украинаның батысында әлі күнге дейін жаңбырдың салдарымен күрес жүріп жатыр. 147 үйді су басып, 150 км жол қирады, деп хабарлады k orrespondent.net.

Украинаның 19 елді мекенінде 147 үй (14 456 болған) су астында қалып отыр. Су тасқыны салдарын жою жұмыстары 4 облыста жалғасуда.

Атап айтқанда, Ивано-Франковск облысында 15 үй, Черновицкая 23 үй, Тернополь облысында 109 үй су астында қалды.

Сонымен қатар, ТЖМЖ мәліметтері бойынша, 982 үй маңындағы учаскелер су астында қалды (22 182 болған).

Апат салдарынан 150,5 км автожол қирады. Бірнеше облыста 95 көпір; 551 км автожол қираған.

Құтқарушылар мен полиция, жергілікті өзін-өзі басқару органдары 478 адамды құтқарып, 721 адамды эвакуациялады. 1324 адамды көшірілді.


Фото: ашық дереккөз
Загрузка...