Ұлттық статистика бюросының басшысы тағайындалды

28 Қазан 2020, 12:42
1588
Бөлісу:
Ұлттық статистика бюросының басшысы тағайындалды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Бұл туралы Ақорданың ресми парақшасында хабарланды.

Мемлекет басшысының өкімімен Нұрболат Серғалиұлы Айдапкелов Қазақстан Республикасының Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігінің Ұлттық статистика бюросының басшысы қызметіне тағайындалды, - делінген хабарламада.
Нұрболат Серғалиұлы Айдапкелов 1979 жылы Жамбыл облысында туған. 2000 жылы Қазақ мемлекеттік басқару академиясының «Бухгалтерлік есеп және аудит» мамандығы бойынша бітірді. 2002 жылы Қазақ гуманитарлық-заң университетін «Заңтану» мамандығы бойынша бітірді.

2001 жылдың қаңтар айынан 2003 жылдың қараша айына дейін ҚР Статистика агенттігінің «Ақпараттық-есептеу орталығында» РМҚ жұмыс істеді.

2003-2007жж. аралығында «Мемлекеттік экспорттық кредиттер және инвестицияларды сақтандыру корпорациясы» АҚ бас маманы, Қаржы департамент директоры болып жұмыс істеді.

2007-2008 жж. «КАЗАгро «ҰҚ»АҚ басқарушы директор.

2008-2009жж. «КазАгроГарант» АҚ басқарма төрағасы.

2009 жылдың шілдесіне бастап желтоқсанға дейін «Astana Knowledge City» АҚ консультанты.

2009-2011жж. ҚР Статистика агенттігі төрағасының орынбасары.

2011-2013жж. ҚР Статистика агеттігінің Жауапты хатшысы.

2013-2014жж. ҚР Статистика агенттігі Әлеуметтік және демографиялық статистика департаментінің директоры.

2015 жылдың қаңтар айынан 2016 жылдың мамыр айына дейін түрлі коммерциялық құрылымдарда басшылық қызметтерді атқарды.

2016 жылғы 26 мамырдан бастап - ҚР ҰЭМ Статистика комитетінің төрағасы.

«Ерен еңбегі үшін» мемлекеттік наградамен, «Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігіне 20 жыл» төсбелгілермен марапатталған.
Өзгелердің жаңалығы