Бас жаңалықтар
Ұлттық ұланда азаматтарды бірыңғай қабылдау күні өтті
PHOTO
27 Қараша 2020, 16:16 167

Ұлттық ұланда азаматтарды бірыңғай қабылдау күні өтті

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Ішкі істер министрінің тапсырмасы бойынша Ұлттық ұланның барлық өңірлік қолбасшылықтары мен әскери бөлімдерінде азаматтарды онлайн режимінде бірыңғай қабылдау күні өтті,  деп хабарлады ҚР Ұлттық ұланының баспасөз қызметі.

Елордада азаматтардың үндеуіне Ұлттық ұлан бас қолбасшысы генерал-лейтенант Руслан Жақсылықов жауап берді. Онлайн қабылдау кезінде азаматтар мен әскери қызметшілер негізінен әскери қызмет пен әлеуметтік сипаттағы сұрақтарды айтты. Атап айтқанда, азаматтарды әскери қызметке орналасу және тұрғын үй төлемдері бойынша берешекті өтеу мәселелері қызықтырды.

Барлық өтініш бойынша Руслан Жақсылықов тиісті қызметтер басшыларына нақты тапсырмалар беріп, оларды тез арада шешу үшін шұғыл шаралар қабылдауды бұйырды.

Мен Ұлттық ұлан бас қолбасшысының блогына келіп түсетін барлық өтінішті үнемі қадағалап отырамын. Олардың әрқайсысы үшін тиісті қызметтер талдау жүргізеді және заң аясында белгіленген мерзімде жауап береді. Ішкі істер министрлігі басшылығының тапсырмасы бойынша бүгін біз онлайн форматта кездесу өткізіп жатырмыз. Менің ойымша, бұл платформа нақты уақытты ескере отырып, азаматтар мен әскери қызметшілерге әскер басшылығына тікелей жүгінуге және олардың өзекті мәселелерін шешуге жақсы мүмкіндік береді. Тұрғын үй төлемдерінің проблемаларына келетін болсақ, мен келесілерді баса айтамын, бұл мәселе бүгінгі таңда шешімін тапты, барлық қарыздар келесі аптада толығымен жабылатын болады, - деді Руслан Жақсылықов.

Осындай онлайн-қабылдауды Ұлттық ұланның барлық өңірлік  қолбасшылары және әскери бөлім  командирлері өткізді. Әскер басшылығы мен әскери бөлімдердің қолбасшылығы шамамен 40 адамды қабылдады.


Фото: дереккөз
Загрузка...